Намаздың міндетті шарттарының бірі әуретті жабу, яғни, бөгде адамдар көрмеуі тиіс ұятты жерлерді жабу болып табылады. Қыз-келіншектердің намаз оқыр алдында беті, саусақтары мен тобыққа дейінгі аяқтың басынан басқа жерлерінің бәрі жабық болуы тиіс.
Намаздың міндетті шарттарының бірі әуретті жабу, яғни, бөгде адамдар көрмеуі тиіс ұятты жерлерді жабу болып табылады. Қыз-келіншектердің намаз оқыр алдында беті, саусақтары мен тобыққа дейінгі аяқтың басынан басқа жерлерінің бәрі жабық болуы тиіс.
Кейбір мүжтаһидтердің пікірінше, қыз-келіншектердің табаны да әурет болып саналғандықтан оны да жабу қажет. Алайда Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзхабы бойынша қыз-келіншектер денесінің бұл бөлігі әурет болып саналмайды, сондықтан оны жабу міндетті емес. Сол себепті де кейбір ғалымдар қыз-келіншектердің жалаң аяқ тұрып намаз оқығанын мәкрүһ десе, ал басқалары мұның еш әбестігі жоқ деп айтады. Ал басқа мәзхабтардың өкілдері табан- әурет болып табылады деген пікірді ұстанады.
Қыз-келіншектердің намаздағы киімі оның дене-мүшелерін айқындап тұратындай жұқа әрі тырысып тұрмауы керектігіне басты назар аудартқымыз келеді. Сол себепті қыз-келіншектердің тырысқан шалбар немесе денесіне жабысып тұратын жейде, көйлек киіп намаз оқуы дұрыс болып саналмайды. Егер тіпті шалбар киюге мәжбүр болса, онда үстіне ұзындығы тізеге дейін түсетін киім кигені жөн. Егер қыз-келіншектердің ондай киімі не белдемшесі болмаса, онда намазын қаза етіп қалдырғанша, шалбармен тұрып оқығаны жақсырақ болып саналады.
Сонымен қатар, намаз оқығанда қыз-келіншектер денесінің түсі айқындалатындай жұқа киім кимеулері қажет. Егер намаз осындай киіммен оқылса, онда оны қайтадан оқу керек. Бұл намаз оқығанда қыз-келіншектердің басына тағатын орамалына да байланысты айтылған. Шаш көрінбейтіндей басқа тағатын орамал қалың болу керек.
Қасиетті Құранда Алла Тағала былай айтқан:
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ وَآمِنُوا بِرَسُولِهِ يُؤْتِكُمْ كِفْلَيْنِ مِن رَّحْمَتِهِ وَيَجْعَل لَّكُمْ نُورًا تَمْشُونَ بِهِ وَيَغْفِرْ لَكُمْ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَّحِيمٌ
«Әй, мүміндер! Алладан қорқыңдар, Елшісіне иман келтіріңдер. Сендерге мәрхаметінен екі есе береді. Әрі сендерге сонымен жүретін нұр жаратады. Сендерді жарылқайды. Алла (Т.) тым жарылқаушы, ерекше мейірімді» (57:28).
Сіздерге Алла Тағаланың Мейірімі болсын!