Жолдасым нәпіл ораза ұстауыма қарсы болса...
Сүннет, нәпіл оразаға келсек, әйел адам үшін ерінің рұқсаты қажет. Бұл жайында Пайғамбарымыз (с.ғ.с):
لا يَحِلُّ لِلْمَرْأَةِ أَنْ تَصُومَ وَزَوْجُهَا شَاهِدٌ إِلا بِإِذْنِهِ
«Күйеуі куә болып тұрған әйел үшін ерінің рұқсатынсыз ораза ұстауы халал емес,»–дейді. (Бухари, Муслим)
Тағы бір риуаятта:
لا تَصُومُ الْمَرْأَةُ وَبَعْلُهَا شَاهِدٌ إِلا بِإِذْنِهِ غَيْرَ رَمَضَانَ
«Ері куә болып тұрған әйел үшін Рамазаннан тыс кездері ерінің рұқсатынсыз ораза ұстауы халал емес,»–деген. (Абу Дауд, Тирмизи)
Хафиз Ибн Хажар хадистегі «ерінің куә болуы» дегенді–күйеуі қасында болғанда, сапарға шығып кетпегенде деп ашықтаған.
Түйін: еріңіз рұқсат етпесе аузыңызды бекітпеңіз. Онда күнә жоқ. Егер жолдасыңыз жолға шығып жатса, немесе рұсат беріп жатса бекіте жатарсыз.
Ең дұрысын Алла біледі.
Ummet.kz