Сұрақ: Ислам көзқарасы турасынан кім бұзақы (пасық) болып саналады?
«(Мұхаммед Ғ.С.) расында саған ап-ашық аяттарды түсірдік. Оған бұзақылар ғана қарсы келеді».
Жауап: Пасық (бұзақы) – Алла Тағаланың бұйырғанына қарамастан әрекет ететін, күнә әрі жамандық атаулыны жасау оған әдет болып табылатын жан.
Шариғат терминологиясындағы «фасик» термині Аллаға бағынудан шығу әрі Оған бағынбаушылық танытуды білдіреді.
Пасықтың кең мағынасы үлкен күнәлар жасайтын, кіші күнәлардан қайтпайтын, сондай-ақ, діни ұйғарымдарға толықтай немесе жартылай мән бермейтін адам болып табылады (Фахруддин ар-Рази, Тафсируль-Кабир, II, 91; Рагиб әл-Исфахани, әл-Муфредат, 572).
Фискті үш категорияға бөлуге болады:
1. Күнәні жиіркенішті деп санап, оны сирек жасау.
2. Бір күнәні қайтпай жасай беру.
3. Рұқсат етілген деп санап күнә жасау. Бұл жағдайда адамның иман әрі дінмен еш байланысы қалмайды.
Қасиетті Құранда «фиск» термині негізінен «күпір» (сенбеушілік) мағынасында қолданылады. Алайда кейбір аяттарда «пасық» термині абсолютті (күнә істеу) мағынасында қолданылады. Мысалы: хаж кезінде кінә істеу (2:197), немесе Алланың аты айтылмай Күдіксіз арам нәрсе. (Оны жеу дұрыс емес) (6:121), немесе Сондай абыройлы әйелдерге зина жаласын жапсырғандар (24:4).
Басқа аяттардың бәрінде «фиск» термині бұзақы мағынасында келеді: «(Мұхаммед Ғ.С.) расында саған ап-ашық аяттарды түсірдік. Оған бұзақылар ғана қарсы келеді» (2:99).
«Інжіл иелері ондағы Алланың нұсқауымен үкім етпесе, міне солар бұзақылар» (5:47).
«Осылайша бұзақылық істегендерге Раббыңның: «Рас олар иман келтірмейді» деген сөзі ақиқат болды» (10:33).
«Егер олар Аллаға, Пайғамбарға және оған түсірілген Құранға иман келтірген болса, оларды дос тұтпас еді. Бірақ олардың көбі бұзақылар» (5:81).
Мутазилиттердің пікірінше, пасық иман келтірген де емес, иман келтірмеген де емес, арасындағылар. Бұл олардың орныққан пікірі, сонымен қатар, діни сенімнің негізін қалаушы бес қағиданың бірі болып табылады және «Манзилю бейнал-Манзилятейн» деп аталады. Олардың пікірінше, пасық тәубәсіне келсе, онда дінге келеді, ал тәубәсіз өліп кетсе, онда мәңгі Тозақта қалады. Әрекетті дін негізінің бірі деп санайтын харижиттердің пікірінше, жоғарыда келтірілген фисктің көрінуі күпірлік (сенбеушілік) болып табылады әрі пасық Тозаққа мәңгіге түседі.
Фиск өте қауіпті жағдай болып табылады және әрбір адам одан аулақ болуы керек. Кез-келген үлкен, кіші күнәлардан аулақ болған жөн, сондай-ақ, кіші күнәларды қайтпай жасаудан аулақ болған абзал. Жоғарыда айтылып өткендей, кіші күнәларды қайтпай жасау фиск дәрежесінің бірі болып табылады. Бір аса маңызды жайтқа көңіл қою керек: ешкім де басқа бір адамды пасық деп айта алмайды. Осы жөнінде Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқаны келтірілген