Сауда мәмілесін жасауда кепілақы алуға рұқсат па?
Кепілақы — шарт жасаудың дәлелі ретінде осы шарттың бір жағы екінші жағына беретін ақша сомасы
Кепілақы — шарт жасаудың дәлелі ретінде осы шарттың міндеттерін орындау әрі міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін, аталмыш шарттың бір жағы екінші жағына беретін ақша сомасы.
Егер сауда мәмілесі іске аспаса, онда кепілақы қайтадан сатып алушыға қайтарылып беріледі. Имам Ахмад ибн Ханбалды қоспағанда, басқа мәзхабтағы имамдардың пікірі бойынша, сатып алу-сату актін жасауда кепілақы алу рұқсат етілмеген болып саналады. Ханафи мәзхабының имамдары кепілақы берілген сатып алу-сату актісін жарамсыз деп санаса, имам Мәлік пен имам Шафи мұндай актіні жалған деп санаған.
Кепілақының рұқсат етілмегендігіне дәлел ретінде бұл алымдар келесі риуаятты келтірген: «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кепілақы төленген саудаға тыйым салған» (Әбу Дәуд, Бюйу, 67; Ибн Маджа, Тиджарат, 22; Мәлік, Муватта, Бюйу, 1). Ал имам Ахмад ибн Ханбал, Муджахид, Ибн Сирин, Нафи ибн Харс и Зейд ибн Аслям кепілақы алуды рұқсат етілген деп санаған. Бұған дәлел ретінде Зейд ибн Аслям келтірген келесі хадисті келтірген, мұнда былай айтылған: «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сатып алу-сатуда кепілақы алуға рұқсат еткен» (Ибн Әбу Шейба, әл-Мусаннаф, 5/7). Алайда кейбір мухаддистер бұл хадисті әлсіз деп санаған. Кепілақыға рұқсат етілген деп санағандардың басқа дәлелі ретінде Ибн Сириннің Омар ибн Хаттабтың (оған Алла разы болсын) кепілақы алуға рұқсат бергендігі туралы сөзі бар.
Бұл хадисте былай айтылған: «Нафи ибн Абдильхарс Омар ибн Хаттаб үшін төрт мың дирхемге Саффан ибн Умайдан Меккедегі үйін сатып алмақ болады. Алайда ол алдымен Омардың пікірін біліп алмақ болады, ол келіссе мәміле жасалады, ал егер келіспесе онда Нафи Саффанға төрт жүз дирхем өтемақы төлеуі керек болған. Омардан сұрағанда, ол бұл шартты қабыл алған» (Науауи, әл-Маджму, 9/335).
Өзіміз көріп отырғандай, сауда-саттық мәмілесіндегі кепілақы мәселесі факихтермен ерте кезден бастап бүгінгі күнге дейін талқыланып келеді. Қазіргі заман талаптарын ескере отырып, Ислам Фикх Академиясының заманауи факихтері 1994 жылы Брунейде өткен кезекті жиында кепілақы алуға рұқсат берілген, тек мәміледен бас тартылған жағдайда кепілақы толықтай қайтарылуы тиіс деген шешім шығарған.