Сәлеметсіздер ме? Қыз баланың құлағын тесуге болады ма? Сұлушаш.
Құрметті Сұлушаш! Ханафи мәзһабы бойынша іргелі пәтуа еңбектерінің бірі «әл-Фатауа әл-Һиндияда былай делінген.
وَلَا بَأْسَ بِثَقْبِ آذَانِ الْأَطْفَالِ مِنْ الْبَنَاتِ لِأَنَّهُمْ كَانُوا يَفْعَلُونَ ذَلِكَ فِي زَمَانِ رَسُولِ اللَّهِ - صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَآلِهِ وَسَلَّمَ - مِنْ غَيْرِ إنْكَارٍ
«Қыз баласының құлағын тесудің шариғи тұрғыдан оғаштығы жоқ. Себебі сахабалар пайғамбардың көзі тірісінде шариғи тұрғыдан еш қарсылық көрместен оны жасайтын»[1].
Қорытынды: Жоғарыда келтірілген мәлімет негізінде қыз баланың сырға тағу мақсатында құлағын тесу шариғатқа қайшы емес.
Құрметпен, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі.