Шашқа жағатын гель қабыршақ болып су өткізбейтін көрінеді. Осы рас па?
"Гель — жағылған жеріне су тигіздірмейтін қою нәрсе болып табылады"
Дәрет алудың бір парызы басқа мәсих тарту екені белгілі. Мәсих — басты суланған қолмен сипауды білдіреді. Ал ғұсыл кезінде басты толығымен жуу қажет.
Гель — жағылған жеріне су тигіздірмейтін қою нәрсе болып табылады. Осылайша, дәрет алуда басты сипау барысында гель қолдағы ылғалды өткізбейді. Нәтижесінде, дәрет алу да, ғұсыл да толық алынбаған болып саналады. Өйткені дәрет алу кезінде басты сипау әрі ғұсыл кезіндегі басты толығымен жуу — парыз болып саналады. Бұдан түсінеріміз, дәрет немесе ғұсыл алмас бұрын, шашымызға жағылған гельді кетіріп алғанымыз жөн.
Ал дұрысын Алла біледі.