Кім бірінші болып Тозақтан шығады?
«Қиямет күні иман келтіргендердің діні - олардың Тозақтан шығуына көмектеседі...»
Ибн Аббастың былай айтқаны келтірілген:
«Қиямет күні иман келтіргендердің діні - олардың Тозақтан шығуына көмектеседі. Бірінші болып Тозақтан шығарылатындар — пайғамбарлардың есімдері қойылған адамдар. Тозақта пайғамбарлардың есімдері қойылған адамдар қалмаған кезде, Алла Тағала қалған басқа мүміндерге былай айтады: «Сендер - мұсылмансыңдар, ал Мен – Ас-Саляммын. Сендер - мүмінсіңдер, ал Мен – Әл-Мүмінмін», тек осы екі есімнің хайырының арқасында Ол Тозақта қалған басқа мүміндерді шығарады» (Куртуби, «Хаж» сүресінің 23-ші аятының тәпсірі). Алайда біз аталмыш риуаяттың сенімділігіне қатысты әлдебір ақпаратты таба алмадық.
Пайғамбарлардың есімдерімен тек есімдері ғана емес, сонымен қатар, есімдері қойылған пайғамбарлар ие болған жақсы қасиеттер де тұспалдануы мүмкін.
Сонымен, балаларымызға тек жақсы есімдер беруіміз керек екен, сондай-ақ, өзімізді сондай есімді пайғамбарларда болған қасиеттермен көріктендіруіміз қажет.