Неге Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз үш ұл перзент сүйе тұра, ұрпағы ұлдары арқылы тарамады?
Бұл мәселенің ойланған адамға көптеген хикматтары бар:
Алла тағаланың Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) төрт қыздан бөлек, үш ұл (Қасым, Абдулла жəне Ибраһим) бергені - Пайғамбарымыздың ұл перзент таптыруға қауқарлы екенін көрсетеді.
Себебі, жаңа заманның медицина ғылымы əйелдің ер бала не қыз бала көтеруі ер азаматқа тікелей байланысты екенін дəлелдеп отыр.
Яғни, Алла тарапынан таңдалған Елшінің бойында ешқандай кінəраттың жоқтығын көрсетеді.
Ал, Алланың елшісінің үш ұлының сəби кездерінде шетінеп, ұрпағының олар арқылы жалғаспауы оның соңғы пайғамбар екенін жанамалы түрде айғақтайды.
Өйткені, пайғамбарлық Адамнан (а.с.) бастап, соңғы пайғамбарға дейін үздіксіз шежіре арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасты.
Ал, енді Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ұл перзенттері арқылы ұрпағының жалғаспағаны пайғамбарлық шежіренің аяқталғанын, бұдан былай басқа пайғамбардың келмейтінін айқындап тұр.
Бір жағынан ойлап қарасақ, тарихта Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қызы бибі Фатима арқылы тараған ұрпақтары - əһлу бəйт төңірегіндегі пікірталастан "шиизм" ағымы шыққаны мəлім.
Ал ол кісінің ұлдары тірі болғанда, тағы қандай қиындықтарға тап боларымызды бір Алла біледі?!
Қанат ЖҰМАҒҰЛ