Ораза ұстап жүріп ауыздан немесе мұрыннан қан кетсе, ораза бұзыла ма? Назерке
Ауыз берік кезде мұрын қанаса ораза бұзылмайды. Тек, мұрындағы қанды жұтпау керек. Әсіресе аққан қанды тоқтату мақсатында басты шалқайтып жатамыз. Осы кезде, кеңсірік арқылы қан тамаққа кетіп жұтылар болса, оразаны бұзады деген ойдамыз. Рамазан айынан кейін бір күн қазасы өтеледі.
Ауыз қуысындағы «көп қан» ішке кетсе де ораза бұзылады делінген кітаптарда. Қазасын өтеу керек (бірақ сол күнді соңына дейін ұстайды). Аз, мөлшердегі қанның зияны жоқ. Ауыздағы қанның аз не көп екендігін түкірікпен салыстыра анықтауға болады. Егер, түкіріктің жарымы не одан көп бөлігі қан боп тұрса, көп қан үкімінде. Жарымынан азы «аз қан» үкімінде.
Ең дұрысы - Аллаға мәлім!