Бильярд ойнауға болады ма?
Жауап: Бильярд (франц. bіllard, bіlle — шар) — арнайы үстелде шарлармен ойналатын ойын[1]. Бильярд спорттық ойындардың бірі. Егер бильярдқа ақша тігіп ойнайтын болса, ол харам. Өйткені бұл құмар болып саналады. Ал егер ақша тігілмей ойналса, онда оған рұқсат. Алайда төмендегі шарттар табылуы тиіс:
1) ойынды құмарға айналдырмау;
2) уақытын зая кетірмеу;
3) міндетті парыз, уәжіп құлшылықтарынан тосып қоймауы керек. Осы шарттар табылса әрі адамға пайдалы болса, бильярд ойнаудың оқасы жоқ.
ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі


18 Ақпан 2026
1 Рамадан 1447

