Имамға кешігіп ұйыған адам намазын қалай жалғастырады?
Имамға намаздың ортасында немесе аяғында, мысалы, бір, екі яки үш рәкаттан кейін ұйыған адамға «мәсбуқ» делінеді.
Мәсбуқ имамға жария оқылған намазда үлгерсе, «субханака» дұғасын оқымастан имамға құлақ асады.
Сосын үлгермей қалған рәкаттарын жалғастыру үшін тұрған уақытта субханака дұғасын оқиды.