Ислам асыл дініміз

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Құрметті жамағат!

Бүгінде елімізде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында бірқатар заңнамалық өзгерістер енгізілуде. Соның бірі – бет-әлпетін толық жабатын киімге (оның бірі ниқаб) қоғамдық орындарда тыйым салу туралы жаңа шектеулер.

Бұл шешім қандай да бір діни сенімді немесе жеке таңдауды шектеу үшін емес, ең алдымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігінен туындап отыр. Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдері, оның ішінде мұсылман елдері де қауіпсіздік мақсатында осындай ұстанымды қабылдауда.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Құрметті жамағат!

Бүгінде елімізде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында бірқатар заңнамалық өзгерістер енгізілуде. Соның бірі – бет-әлпетін толық жабатын киімге (оның бірі ниқаб) қоғамдық орындарда тыйым салу туралы жаңа шектеулер.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Шариғатта аңшылыққа рұқсат берілген. Ол туралы Құран Кәрімде:

وَإِذَا حَلَلْتُمْ فَاصْطَادُواْ

«Ихрамнан шыққаннан» кейін (қаласаңдар) саятшылық құрыңдар»[1] – дей отырып, келесі аятта:  

 يَسْـَٔلُونَكَ مَاذَآ أُحِلَّ لَهُمْ ۖ قُلْ أُحِلَّ لَكُمُ ٱلطَّيِّبَٰتُ ۙ وَمَا عَلَّمْتُم مِّنَ ٱلْجَوَارِحِ مُكَلِّبِينَ تُعَلِّمُونَهُنَّ مِمَّا عَلَّمَكُمُ ٱللَّهُ ۖ فَكُلُوا۟ مِمَّآ أَمْسَكْنَ عَلَيْكُمْ وَٱذْكُرُوا۟ ٱسْمَ ٱللَّهِ عَلَيْهِ ۖ

«Олар сенен (азық түрлерінен) ненің адал екенін сұрайды. Оларға: «Сендерге таза әрі денсаулыққа зиянсыз азық атаулының бәрі адал етілді. Алланың сендерге үйреткені бойынша, аң аулауға баулыған жануарларыңның аулағандарын жеңдер. Оларды аңға салғандарыңда, «бисмиллә» деп Алланың атын атаңдар», – деп айт»[2] делінген.