Ғимарат толық жанып кеткен.
Орталық Швецияда орналасқан Эребру қаласындағы мешіті бар жергілікті мұсылман орталығын белгісіз біреулер өртеп жіберген.
Өрт болған жерге бірден бес өрт сөндіру тобы келген, алайда олар да тілсіз жауға қарсы тұра тұра алмапты – жалынмен қанша сағат күрескенге қарамастан мешіттің ғимараты толықтай жанып кеткен.
Қалалық өрт сөндіру қызметінің алдын-ала алынған мәліметтеріне сай зардап шеккендер жоқ.