Бұл тренингтің максаты - үйдегі бала тәрбиесіне мән беру және келешек ұрпақты діннің атын жамылған жат ағымдардан сақтандыру.
Шараға катысушы мешіттегі сауат ашу курсының шәкірттері тарапынан тренинг барысында еліміздің дінге қатысты заңы төңірегінде көптеген сурақтар қойылып, психолог маманның тұшымды жауаптары тыңдалды.
Жиын соңында «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Жібек Қолағұлова Дін істері басқармасынан келген маманға алғысын жеткізіп, келесі тренингтерге қатысты ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі.