Адам Ата қабірінде жапырақтарында “Лә иләһа илләллаһ, Мұхаммадун Расулуллаһ” жазуы бар екі раушан гүлі өсіп тұр

Адам Ата қабірінде жапырақтарында “Лә иләһа илләллаһ, Мұхаммадун Расулуллаһ” жазуы бар екі раушан гүлі өсіп тұр

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

“Лә иләһа илләллаһ, Мұхаммадун Расулуллаһ”

Баязид Бистами Хазіреттің былай айтқаны келтірілген екен:

«Міне, жүрегімде Хабибуллаға (Алланың Сүйіктісіне) деген сүйіспеншілік жалынын жаққаныма, дін үшін күресуге деген ниетімнің пайда болғанына және жанымның қараңғы жағын (нәпсімді) ауыздықтағаныма сегіз жылдың жүзі болып қалды. Ақыры мен бір семсер ойлап таптым, соның көмегімен Алла Тағаладан басқаның бәрін - бұл фәнилік дүниелердің бәрін шауып тастадым.  Оған қоса, Алла ғана нақты ақиқат болып табылады әрі оның болмысы аса қажет.  Ал одан басқаның бәрі қиял мен сағым ғана. Осыдан кейін мен Хабибулла дәрежесіне жеттім деп ойладым. Сонда маған сырлы дүниеден бір дауыс келіп жетті:

- Уа, пір Бистами! Сен қазір қорқыныш пен үміт деңгейіндесің. Қалай ғана Алланың Сүйіктісінің дәрежесіне жетпексің?

Кенет мен жарығынан аспан жарқырап тұрған отты теңізді көрдім. Отты толқындар бір алып таулардай қозғалуда еді. Осындай кереметті көрген мен есімнен таңып қалыппын. Ал содан кейін маған мынадай дауыс жетті: 

- Осы теңізді кешіп өтпегеніңше, сен Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дәрежесіне жете алмайсың!

Егер Хабибулла (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дәрежесінің бір кішкене бөлшегі осы әлемге берілер болса, онда оның жарығының сәулесінен көк пен жердің арасындағы барлық нәрсе жанып кетер еді».

Баязид Бистами Хазірет тағы да былай деген:

«Мен ағарту өзеніне түсіп, аса қадірлі Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) білім теңізіне дейін жүзіп бардым. Сонда екеуміздің арамызда жатқан мыңдаған теңіздерді көрдім.  Егер оның біреуіне жақындағанда, мен жанып, күлге айналар едім».

Ұлылардың бірі біреудің қолына сыйлық беріп, оны мектепке апарып, ең сұлу балаға бер деген екен. Сол адам мектепке кіріп, сыйлықты өзінің ұлына тапсырыпты.

- Неге сыйлықты өз  ұлыңа бердің? - деп сұрағанда, ол адам былай жауап қатқан екен:

- Өз ұлымнан артық сұлу баланы көрмедім.

Дәл солай Қиямет күні Алла Тағала рақым сыйлығын шапағатшы Мұхаммед Мұстафаның (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қолына береді, ал ол оны өз үмбетіндегі бас имеген біреуге береді.

 Алла Тағала былай айтады: - Уа, менің Хабибім! Қаншама сәтсіздікке ұшырағандардың ішінде сен өз үмбетіңді таңдадың. Олай болса,  тіпті Жұмақ та Маған қуаныш сыйламайды, егер онда сенің үмбетің кірмесе. 

Бір күні бір ғалым бай біреудің үйіне қонаққа шақырылыпты. Алдына ас келгенде ғалым астан дәм де татпапты.

 Үй иесі одан:

 - Мәртебелім, бұл ас халал жолмен табылған. Неге сіз дәмнен алмай отырсыз? - деп  сұрайды.

Сонда ғалым былай деп жауап қатқан екен:

- Менің жанымдай қымбат бірнеше балам бар. Олар үйде аш отырғанда, менің тамақ ішкенім адамшылыққа жатпайды ғой.

Сол сәтте-ақ балаларына тамақ жіберіліп, содан кейін ғана ғалым астан алған екен.

Сол сияқты Қиямет күні Алла Жұмаққа Өз Сүйіктісін шақырады. Оны неше-түрлі тамаққа және түрлі игіліктерге толы Жұмақ күтіп алады. Ал сол кезде оның үмбетіндегі бас имегендер мұқтаждықта қалып қояды. Хабибулла (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұған жол берілмеуі керек деп санайды.

Ол Алла Тағалаға былай деп жалбарынады:

- Иә, Раббым! Менің үмбетіммен қоса мені де Тозаққа жібер! Әйтпесе оларды да менімен бірге Жұмаққа кіргіз!

Сонда Алла Тағаланың даусы естіледі:

- Уа, Мұхаммед! Мен Жұмақты сен үшін жасадым әрі сені Тозаққа жібермеймін. Алайда Біздің рақымшылығымыздың ұлылығы мен сенің қасиетіңнің жоғарылығы түсінікті болу үшін, сенің үмбетіңді Жұмаққа кіргіземін.

Біздің сүйікті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келгеніне дейін Абраха есімді біреу Қасиетті Мекке тұрғындарына зиян келтіру мақсатымен келіп, түйелерін тартып алып кетеді. Түйелерді қайтадан қайтарып алу үшін Әбдумүттәліп Абраха түнеуге тоқтаған жерге келеді. Оның маңдайында Алла Елшісінің нұры жарқырап тұрған болатын. Осы ұлылықтан үрейленген Абраха түйелерді қайтарып беріпті.

Бір риуаятта Адам Атаның (оған Алланың сәлемі болсын) қабірі Үндістанда делінген. Қабірде бір түп өсіп тұр, сол түптен жыл сайын екі раушан гүл өсіп шығады, ал оның жапырақтарында  “Лә иләһа илләллаһ, Мұхаммадун Расулуллаһ” деген жазу бар екен.

Израиль ұлдарының арасында бір күнәһар, бұзылған адам өмір сүріпті. Ол екі жүз жыл өмір сүріп, қайтыс болыпты. Адамдар оның өлі денесін бірінші кезіккен бір жерге тастай салыпты. Алла Тағала Мұса пайғамбарға (оған Алланың сәлемі болсын) оның денесін жуып, кебінге орап, жаназасын шығарып, жерлеуге бұйырыпты.  

Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) қатты таңырқап, бұл адам нендей қасиетімен мұндай қошеметке ие болғанын білейін деп, былай сұрайды:

- Иә, Раббым! Бұл адам несімен мұндай қошеметке лайық болды?

Алла Тағала былай деп жауап  береді:

 - Уа, Мұса! Бұл құлымның күнәсі адамдар білетіннен жүз есе көп. Бірақ бір күні ол Тәураттан Қиямет күнінің Пайғамбарына  деген дәріптеуді оқып, оның жүрегіне Менің Хабибыма деген сүйіспеншілік ұялайды. Ол сол бетті сүйіп, маңдайына тигізді. Соның берекесі мен Өз Сүйіктімнің құрметі үшін Мен оның барлық күнәларын кешіріп, оны Өзімнің достарымның бірі еттім...

"Пайғамбарлар тарихы" кітабынан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: