500 жылда тұңғыш рет Альгамбра сарайында азан шақырылды

500 жылда тұңғыш рет Альгамбра сарайында азан шақырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

500 жыл бойы Испанияның Гранада қаласында орналасқан белгілі Альгамбра сарай қабырғасында бес уақыт мұсылмандарды намазға шақыратын — азан үні естілмеген болатын.

Al Arabiya телеарнасының хабарлауынша, өткен бейсенбі күні сириялық мұсылман Муаз Әл-Насс бұл жағдайды түзетіп,  Альгамбра сарайында тұңғыш рет азан шақырылған.

Тарихи ғимарат қабырғасында мұсылмандарды намазға үндеп шақырылған азан үні бейнеленген бейнеролик Facebook әлеуметтік желісіне салынып, оны миллионнан астам адам қарап үлгерген екен.

Альгамбра сарайы Гранада қаласының мұсылман билеушілерімен 1330 жылдары Юсуф I-дің әмірлік еткен кезеңінде салынғаны белгілі.

1492 жылы Гранада христиан билеушілерінің қол астына өтеді де сәулет-парктік кешеніндегі мешіт орнына католик шіркеуі пайда болған.



muftyat.kz

Құран Кәрімде: «Расында, адам баласын ардақтадық, сондай-ақ оларды құрлықта да, теңізде де көліктендірдік. Әрі оларды жақсы нәрселермен қоректендірдік. Әм оларды жаратқандарымыздың көбінен неғұрлым артық жараттық», – деп айтылған.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: