Құран мен сүннеттегі дұғаның қасиеттері:(фазилеттері, артықшылықтары)

Құран мен сүннеттегі дұғаның қасиеттері:(фазилеттері, артықшылықтары)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құран мен сүннеттегі дұғаның қасиеттері:(фазилеттері, артықшылықтары)

Аллаһ Тағала айтты : " Менің пенделерім сенен Мен туралы сұраса

ақиқатында Мен оларға жақынмын, Маған дұға жасаса (тілек тілесе)

жауап беремін. Ендеше, оларда Менің əмірімді орындасын. Иман келтірсін,

мүмкін олар тура жолға түсер" (Бақара-186).

Жəне Аллаһ Тағала :" Немесе қиналғандар (қысым көргендер) Өзіне дұға

қылып жалбарынғанда оған жауап беріп, жаманшылықты қайтаратын

жəне сендерді жер бетінде орынбасар қылатын кім? Аллаһпен қатар басқа

Тəңір бар ма? Өте аз естеріңе аласындар" (Нəмл-62).

Нұғман ибн Башир Пайғамбарымыздың (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы

болсын) былай дегенін айтты : " Шын мəнінде дұға – нағыз ғибадат!", содан

кейін ол мына аятты оқыды , жəне Раббыларың айтты: " Маған

жалбарыныңдар (дұға жасаңдар) Мен сендерге жауап беремін. Шын

мəнінде Маған ғибадат қылуға тəкəппарланатындар қор болған күйде

тозаққа кіреді" (Ғафыр – 60). Абу Дауд , Тирмизи , Ахмад ,аль-Албаний сахих

хадис деген.

Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) былай деген:

"Аллаһтың алдында дұғадан құрметтірек (қадірлірек) еш нəрсе жоқ".

Ахмад, Тирмизи, Абу Хурайрадан, аль-Албаний сахих хадис деген .

Пайғамбарымыз жəне (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) былай

деген: "Аллаһқа дұға қылып жалбарынған əрбір мұсылманның тілегінде

күнəлі немесе туысқандық байланысты үзетін нəрсе болмаса, Аллаһ

төмендегі үш түрлі сипаттағы жауаптың бірімен оның тілегін қабыл

етеді: Ол оның тілегін тез арада қабыл етіп , сұрағанын береді немесе Ол

оның тілегінің сауабын қиамет күнге қалдырады, я болмаса оның тілегіне

орай тағдырында жазылған жамандықты алып тастайды". Сонда

сахабалар : "Ендеше біз көп дұға қыламыз"-деді. Бұған пайғамбарымыз (ол

кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын): "Ал, Аллаһ одан да көп береді"-

деп жауап қайтарды". Бұхари, Ахмад, Хаким Абу Сағид аль-Худрийден

келтірген.

Дұғаның тағдырда жазылған жамандықты қайтаратынына ғұламалар былайша

түсіндіреді :" Адамдардың дұға қылуының (тілек тілеп жалбаруының) өзі оның

тағдырында жазылған нəрсе. Əр нəрсенің себебі бар сияқты дұға тағдырда

жазылған жаманжықтың қайтарылуына себепкер болады. Хадисте келтірген

бұл мəлімет дұға қылуға құштарлықты оятады, арттырады. Мысалы , толық

иман келтірсең жəннəтқа баратының немесе жұмыс істесең табыс табатыныңс

тəрізді, неғұрлым көбірек дұға қылсаң соғұрлым өміріңнің жақсылыққа

өзгеруіне ықпал етесің. Сонымен қатар дұғаның тағдырдағы жамандықты

қайтаруын былайша түсіндіруге болады, Аллаһ Тағала біреудің маңдайына ауру

жазса ал, ол адам шипа тілеп дұға жасаса, Жаратушы Раббымыз оны

науқасынан айықтырады. Бұлай дұғ ақылу оның тағдырында жазылсада дұға

бейне бір тағдырдағы жамандықты қайтарғандай əсер қалдырады.

Пайғамбарымыз жəне (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) былай

деген:"Аллаһ Тағала айтыпты: "(Иə) Адам баласы, сен Маған дұға қылып

1

жалбарынуыңды жəне үміт артуыңды1 тоқтатпайынша , қандай күнə

жасағаныңа мəн берместен , Мен сені кешіре беремін"". Ахмад, Хаким

Анастан келтірген. Аль-Албаний сахих хадис деген .

*1 – Менің Мейірімділігіммен Кешірімділігімнен үміттену.

Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) Жаратушы

Раббымыздың былай дегенінде хабарлайды: "Менің құлым Мені қандай деп

ойласа, Мен сондаймын (яғни, Аллаһ пендесі Өзінен нені күтсе, соны

істейді), сөйтіп, ол қай жерде Маған дұға қылып жалбарынса , сол жерде

Мен онымен біргемін (яғни, оған көмек беремін)". Абу Хурайрадан, Бұхаримен

Муслим келтірген.

Аллаһтың елшісінен (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) мынадай

хадис жеткен: "Аллаһ – Пəк, Ол Өзінен сұрамағанға (Оған жалбарынбағанға)

ашуланады" . Абу Хурайрадан Тирмизи , Ибн Маджах келтірген аль-Албаний

хасан хадис деген.

Осы деректерден мына нəрселерді аңғарамыз:

1. Бұл аяттар мен хадистер дұғаның ұлы артықшылығымен қасиетін жəне

дұғаның ғибадаттың ең маңызды , əрі абзал түрлерінің бірі екенін көрсетеді.

Себебі, дұға пендені өзінің Жаратушы Раббысына жақындастырып ,

байланыстыратын жəне Аллаһқа аса мұқтаждығы мен Оның алдында өзінің

дəрменсіздігін танытатын құлшылықтың түрі болып есептеледі.

2. Сондай-ақ, Аллаһ Тағала Өзіне жалбарынушы əр пендесіне жауап беруді

міндетіне алады.

3. Дұға – Аллаһты көркем есімдерімен, сипаттарымен еске алатын зікір, əрі

Одан қажет сұрайтан тілек болып табылады.

Аллаһқа жалбарынушы адам дұғасының қабыл болуына себепкер болатын

кейбір əдептерді сақтағаны жөн. Осы əдептер неғұрлым сақталса , соғұрлым

дұғаның қабыл болуына игі ықпалы болады. Солардың кейбірі:

1 – Дұғаны ықыласпен жасау. Ықылас дегеніміз, Аллаһ Тағалаға серік қоспай,

əрі ниетін риадан таза ұстап, яғни, кісі көрсін деп амал жасаудан алыс болып,

бір ғана Аллаһтың разылығы үшін , Одан ғана сұрау.

Дұға құлшылықтың бір түрі дедік. Ал, серік қосушылық ғибадаттың қандайда

бір түрін Аллаһтан басқаға арнау. Серік қосушылық ауыр, кешірілмейтін күнə

болғандықтан, одан барынша сақтану керек. Мысалы, пайғамбарларға,

əуоиеоерге, аруақтарға, отқа, Аллаһтан өзге нəрселерге жалбарыну , əрі олардан

жəрдем сұрау серік қосушылық болып табылады.

Аллаһ Тағала Құран Кəрімде былай деп əмір береді: "Кəпірлер жек көрседе

Аллаһтың алдында діндеріңді тазартып Оған ықыласпен дұға

қылыңдар"(Ғафир-14). Жəне былай деді: "(Ей, Мұхаммед!) "Мен өз

Раббыма дұға қыламын жəне Оған ешкімді серік қоспайман"-де". (Жын

сүресі-20)

Ал, пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) былай

деген: "Егер сұрасаң Аллаһтан сұра, егер жəрдем тілесең Аллаһтан жəрдем

тіле!" Ибн Аббастан Тирмизи жеткізген.

2 – Аллаһтың дұға қылушыға жауап беретініне күмəнсіз сену. Пайғамбарымыз

(ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) былай деген: "Аллаһтың

жауап беретініне (яғни, дұғаны қабыл алатынына) күмəнсіз сеніп дұға

қылыңдар". Тирмизи, Хаким келтірген. Аль-Албаний сахих хадис деген.

3 – Дұғаны жүректің қатысуыменен жасау. Яғни, бар ойыңызды, ниетіңізді дұға

қылдыруға жұмылдырып, шын жүректенберіліп сұрау. Пайғамбарымыз (ол

2

кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) айтқан: "Аллаһтың жауап

беретініне кəміл сеніп, дұға қылыңыздар, сондай-ақ Аллаһтың, жүрегі өзге

нəрсеге алаңдаулы , бейқам, қаперсіз жанға жауап бермейтінін біліңіздер".

Тирмизи келтірген аль-Албаний сахих хадис деген.

4 – Аллаһқа Құран мен Сүннетте келегн дұғаларды қолданып жалбарыну.

Құран аяттары – сөздердің ең қадірлісі, құрметтісі, əрі ең дұрысы. Өйткені ,ол –

Аллаһтың сөзі. Ал, пайғамбарымыздың (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы

болсын) сөзі – Аллаһ Тағаладан келген уахи. Сондақтан оның сөзі қысқа да

нұсқа, əрі мағынасы терең күйде келген. Ендеше Құран мен Сүннеттегі

дұғаларарды пайдаланып жалбарыну оның қабыл болуының тездететіні сөзсіз.

Əрі бұл дұғалар сөзі аз, қысқа болғанмен дүние мен ақыреттің жақсылығын

бірдей қамтиды. Мысалы, Аллаһ Тағала былай дейді : "Адамдардың

кейбірі :"Раббымыз! Бұл дүниеде де жақсылық, ахыретте де жақсылық бер

жəне бізді тозақ отынан сақта"-дейтіндер бар". (Бақара-201).

Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) былай дұға

қылатын: "Я Аллаһ, амандығымның кепілі болған дінімді дұрыстай гөр,

жəне менің бұл дүниедегі өмірімді дұрыстай гөр , сондай-қ менің Өзіңе

қайтып оралғандағы ахыреттік өмірімді дұрыстай гөр, əрі менің өмірімді

жақсылықтардың қосымшасы қыла гөр, ал, менің өлімімді күллі

жамандықтардан құтылуым қыла гөр". Муслим келтірген.

5 – Аллаһқа үмітпен жəне қорқумен бойұсынған жəне жалынышты күйде ,

дəрменсіздік пен мұқтаждығымызды таныта отырып, төменшіктікпен дұға

қылу.

Осыған орай Аллаһ Тағала пайғамбарларды сипаттап, былай дейді: "Шын

мəнінде олар ізгі істерге ұмтылатын жəне бізге үмітпен əрі қорқып дұға ,

қылатын, сондай-ақ олар Біздің алдымызда бойұсынушылық танытатын".

(Əнбия-90). Тағы бір аятта: "Айюб та Раббысына:"Мен бір жамандыққа

ұшырадым . Ал, Сен Рахымдылардың ең Рахымдысысың"-деп

жалбарынатын"-деген.(Əнбия-83). Жəне тағы бір аятта: "Закариныда есіңе

ал. Ол Раббысына :"Раббым! Мені жалғыз қалдырма. Сен еңжақсы

Мұрагерсің"-деп жалбарынды"-деген.(Əнбия-89). Жəне : "Раббыларыңа

жалына отырып жасырын (бəсең үнмен) дұға қылыңдар. Шынында, Ол

шектен шығушыларды жақсы көрмейді"-деген.(Ағраф-55-56). Бұл

аяттардан біз аллаһтың алдында Оған мұқтаждығымызды, Оның алдында

бейшара, дəрменсіз екенімізді танытып, жалынып, жалбарынып жұға

қылғанымыздың жөн екенін аңғарамыз. Жалынып, жалбарыну – дұғаның рухы,

онсыз дұға жаны жоқ өлі нəрсе тəрізді. Жалынып, жалбарынудың бірнеше

көріністері бар. Солардың кейбірі мынадай:

1) Сұраған нəрсені ерінбей, жалықпай ,қайта-қайта табанды түрде сұрай беру.

2) Қос алақанды жайып қолды жоғары көтеру.

3) Бəсең үнмен, əдеппен сұрау.

4) Дұғаны қыбылаға қарап жасау.

5) Аллаһтың дұғаға сай келетін көркем есімдерін, сипаттарын дəнекер қылып

сұрау. Мысалы; "Иə, Рахман Аллаһ, рахым ете гөр!", "Иə, Ғафур Аллаһ кешіре

гөр!", "Иə, Құдіретті Аллаһ қолдай гөр!"-деген сияқты.

Осыған орай төмендегі хадистерді еске ала кетсек дейміз:

"Бадр соғысы болған күні Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен

сауабы болсын) мүшріктер (кəпірлер) жаққа қарап еді, олардың саны мың

екен. Сахабалар үш жүз он тоғыз еді. Соны көріп, қыбылаға бұрылып, екі

қолын көкке көтерді де, бəсең үнмен Раббысына жалбарына бастады: "Я,

3

Аллаһ, нені уəде етсең, маған соны бере гөр. Я, Аллаһ, егер мұсылмандардың

бұл тобы өліп кетсе, жер бетінде саған құлшылық қылатын адамдар

қалмайды"-деп жалынып жалбарынғаны соншалық, иығындағы жамылғысы

түсіп қалды. Сол тұста Абу Бакр, Аллаһ одан разы болсын, келіп,

Пайғамбарымыздың (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын)

жамылғысын иығына жауып, артында тұрып былай деді: "Я, Аллаһтың елшісі!

Раббыңа осы жалбарынғаның жеткілікті. Ол саған уəде еткен нəрсесін береді".

Осы оқиғадан кейін мынадай аят түседі: "Сол уақытта Раббыларыңа

жалбарынуда едіңдер. Сонда Ол : "Шынында сендерге ерген мың

періштемен көмек беремін"-деп тілектеріңді қабыл етті". (Əнфал-9).

Хадис Омар ибн Хаттабтан Муслим, Ахмад, Тирмизи келтірген.

"Туфайл ибн Амр ад-Дауси (Даус руының көсемі) Пайғамбарымызға (ол кісіге

Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) келіп: "Даус руы тіл алмай бас тартты.

Сен оларға қарсы дұға қыл"-деді. Сол кезде Пайғамбарымыз (ол кісіге

Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) қыбылаға қарап, екі қолын көтерді.

"Дауыстықтар құритын болды"-десті адамдар. Ал, Пайғамбарымыз (ол кісіге

Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) былай деп жалбарынды: "Я, Аллаһ!

Дауыстықтарды тура жолға сала гөр жəне оларды алдымыз а келтіре

гөр!". Бұхари мен Муслим Абу Хурайрадан жеткізді.

Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) жиі айтатын

дұғалардың бірі мынадай еді: "Жүректерді ауытқытып, өзгертіп тұратын

Аллаһ! Менің жүрегімді Өз дініңде бекіте гөр, нығайта гөр!". Анастан

Тирмизи келтірген.

"Абу Бакр Ас-Сыддық баяндайды : Мен Пайғамбарымызға (ол кісіге

Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) былай дедім: "Я, Аллаһтың елшісі!

Маған намаздың соңында қылатын дұға үйретші". Сонда Аллаһтың елшісі

былай деді: "Сен; "Я, Аллаһ! Мен өзіме көп зұлымдық қылдым. Күнəлəрды

Сенен басқа ешкім кешірмейді. Ендеше мені ешкім Өзіңе ғана тəн

кешірімділігіңмен кешіре гөр жəне маған рахым ет. Шын мəнінде Сен өте

Кешірімді, аса Рахымдысың!"-деп айт"-деді. Бұхари мен Муслим келтірді.

6) Өзіңнен бастап ал, кейін басқа мұсылмандарға дұға қылу. Аллаһ Тағала

Өзінің елшісіне əмір етіп, былай дейді: "Ендеше біл, Аллаһтан басқа ешбір

Тəңір жоқ. өзіңнің жəне мүмін ер, əйелдердің күнəлəрі үшін кешірім сұра".

(Мұхаммад-19).

Ал, Нұх пайғамбар туралы Құранда былай делінген: "Раббым! Мені, əке-

шешемді, мүмін болып үйіме кірген кісіні жəне мүмін ерлер мен əйелдерді

кешір!"-деді". (Нұх-28).

7) Дұғаны табанды түрде, жалықпай қайта-қайта сұрау жəне оны Аллаһ

Тағаланың қалауына қалдырмау. Мысалы: "Кешіргің келсе, кешір. Бергің келсе,

бер"-демеу. Себебі бұлай сұраған адам Аллаһ Тағалаға мұқтаж еместей

көрінеді. Əрі Оның дұғасын қабыл қылатыныа сенбестік танытатын тəрізді.

"Айта салайын, бере қалса нем кетеді?"-деп немқұрайлық көрсеткендей болады.

Бұл оның сұраған нəрсесіне тым мұқтаж еместігін білдіреді. Кімде-кім осындай

қалыпта дұға қылса, оның ғибадтынан жалынып-жалбарыну, мұқтыждық, яғни,

ғибадаттың рухы байқалмайды. Жəне Аллаһ Тағаланың алдында əдебінің

төмендігін көрсетеді. Сондықтан дұға қылушы адам бар ықылас-ынтасымен

жалынып, табанда түрде, қайта-қайта, əрі мұқтаж жанға тəн төменшілікпен,

сондай-ақ Аллаһтың бəрін естіп, бəрін көріп, дұғасын қабыл қылып жауап

беретініне, құлдарына жақын екеніне, бар нəрсеге құдіретіне жететініне кəміл

сеніп, жалбарынғаны қажет. Бұған дəлел, Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың

4

игілігі мен сауабы болсын) былай дейтін : "Сіздердің ешқайсыларыңыз "Я,

Аллаһ, егер қаласаң, мені кешір. Я, Аллаһ, егер қаласаң, мені жарылқа"-

демесін. Бірақ, керегін табанды түрде сұрасын, əрі Оған қатты мұқтаж

екенін көрсетсін". Бұхари мен Муслим Абу Хурайрадан.

8) Дұғаны Аллаһ Тағаланы мадақтап жəне Оның елшісі Мұхаммедке (ол кісіге

Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) салауат айтып бастау жəне осылай аяқтау.

"Бірде пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) əлде бір

кісінің өз дұғасында Пайғамбарға (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы

болсын) салауат айтпай жалбарынғанын естіді де:"Ол асығыстық жасады"-

деді. Содан соң оны шақырып алып, оған жəне басқаларға мынадай ескерту

жасады:" Егер сіздердің біреулеріңіз жалбарынсаңыздар, ол тілегін өзінің

Раббысын мадақтап жəне ұлықтап бастасын. Содан соң пағамбарына

салауат айтсын. Одан кейін барып өзінің қалағанын сұрасын". Фадала бин

Убайдтан Тирмизи келтірген. Аль-Албаний сахих хадис деген.

9) Жалбарынған кезде құбылаға бет бұру. Бұған жоғарыда келтірген Омар бин

Хаттабтың Бадр соғысы жəне Даус руы туралы хадисі дəлел бола алады.

10) Дұғаны екі қолды жоғары көтеріп сұрау. Абу Муса аль-Ашғари :

Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) жалбарынып

тұрып екі қолын жоғары көтергені сондай, мен оның қолтығының ақтығын

көрдім"-дейді. Бұхари жеткізген.

Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) былай дейтін:

"Шын мəнінде, Аллаһ Ұялушы жəне Жомарт. Егер Оның құлы Оған екі

қолын жоғары көтеріп дұға қылса, оларды (екі қолын) құр қайтаруға

ұйалады". Салман аль-Фарисиден Тирмизи келтірген.

11) Ислам рұқсат еткен нəрселерді дəнекер қылып Аллаһқа жалбарыну.

А) Аллаһтың көркем есімдері мен сипаттарын дəнекер етіп дұға қылу.

Жаратушы Раббымыз былай деп əмір етті:"Аллаһтың көркем есімдері бар.

Оған сол есімдермен дұға қылыңыздар!" (Ағраф-180).

Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) Аллаһ Тағалаға

Оның сипаттарын еске ала отырып жалбарынатын: "Я, Мəңгі Тірі, я, ешнəрсеге

мұқтаждығы жоқ Аллаһ, Сенің рахымдылығыңмен жəрдем тілеймін, менің

барлық ісімді оңғара гөр, жəне мені өз-өзіме бір сəтке де тапсыра көрме".

Ə) Аллаһтың ризалығы үшін жасалған ізгі істерді дəнекер етіп жалбарыну.

Осыған орай Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын)

мына оқиғаны байандаған еді: "Бірде сендерге дейін өмір сүрген үш адам

жолға шығып, сапарда жаңбырдан пана іздеп бір үңгірге келіп паналады.

Алайда олар үңгірге кірген кезде таудан бір тас домалап түседі де, одан

шығар жлды тығыздап жауып тастайды. Сонда олар: "Ақиқатында бұл

тастан сендерді Аллаһ Тағалаға өздеріңнің ізгі істеріңді дəнекер етіп, сол

үшін Оның сендерді осы қиыншылықтан құтқаруын тілеп,

жалбарынуларың ғана құтқарады!"-десті. Содан соң олардың бірі өзінің

бала-шағасынан да, үй-қызметшілерінен де бұрын ата-анасын

тамақтандырып, Аллаһ ризадығы үшін əке-шешесіне айрықша қамқордық

көрсеткенін айтып, сол үшін құтқаруын өтініп, Аллаһ Тағалаға

жалбарынған кезде, тас аздап жылжиды. Содан кейін екінші жолаушы

өзінің бір қызға өлердей ғашық болғанын, бірақ оның оң қабақ

танытпағанын, сол арудың қуаңшылық жылы қатты тарыққан кезінде,

ақша үшін жігіттің еркіне көнуге келісім бергенін баяан етеді. Дей тұра

қыз мұның Аллаһтан қорқуы керектігін есіне салған кезде, Аллаһтан

қорыққандықтан ғана əлгі аруға берген берген ақшасын да алмастан,

5

мүмкіндікті пайдалагбай, оны жібере салғанын айтып, сол үшін құтқаруын

өтініп, Аллаһ Тағалаға жалбарынған кезде тас тағы біраз жылжиды, бірақ

үңгірден шығу мүмкін емес еді.кезек үшінші жолаушыға жетеді. Ол басынан

өткен мына жағдайды баяандайды. Өзі жұмысқа жалдаған малайларының

бірі еңбек ақысын алмай кетіп, арада уақыт салып, қайта оралып, ақшасын

сұрағанда, ол жоқта əлгінің еңбек ақысын пайдаланып, көбейткенін, кейін

ол ақшаға көптеген мал-дүние алғанын əңгімелеп, сол түйелерді,

сиырларды, қойларды, қызметшілерді көрсетіп, осының бəрін ақысын сұрап

келген əлгі адамға бергенін, мұны тек Аллаһтың ризалығы үшін істегенін

айтып, көмек сұрап жалбарынғанда, тас оларр үңгірден шыға алатындай

жерге дейін жылжиды". Абдуллаһ бин Умардан Бұхари мен Муслим

жеткізген.

Бұл хадистен ізгі істің Аллаһтың алдында қандайлық жоғары дəрежеге ие

болатынын аңғара аламыз. Ал, Аллаһ Тағала тақуа пенделерін сипаттай келіп

былай дейді: "Олар: "Раббымыз! Иман келтірдік. Күнəмізді кешір де, от

азабынан сақта" дегендер". (Əлі-Ғимран-16). Бұл аяттан көріп тұрғанымыздай

олар, Раббыларынан дұға тілеп жалбарынғандарында, өздерінің ең абзал істі-

имандарын дəнекерлік етті.

Сол сияқты "Фатиха" сүресіде дұға жасаудағы əдептің осы көрінісіне тамаша

мысал бола алады. Сүренің бас жағында Жаратқан Раббымызға мадақ айтып

Оның көркем есім-сипаттарын атап, содан соң бір Өзіңе құлшылық етеміз , бір

Өзіңнен жəрдем сұраймыз"- деп амалымызды дəнекер етіп, содан кейін "Бізді

тура жолыңа түсіре гөр! Қаһарыңа ұшырағандардың, адасқандардың жолына

емес, Өзіңнің нығметіңе бөленгендердің жолына бастай гөр"-деп дұға қыламыз.

Б) Салихалы мұсылмандардың өзіңе дұға жасауын өтіну. (Олар тірі əрі өтінішін

еститіндей болуы шарт)

Сахабалар Аллаһтың елшісінің (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын)

тірі кезінде өздері үшін дұға қылуын өтінетін еді, ал құрғақшылық кезінде

жаңбыр тілеп Аллаһқа жалбарынуын сұрайтын. Осыған дəлелдердің бірі Укаша

бин Мухсанның хадисі: " Ол Пайғамбарымыздан (ол кісіге Аллаһтың игілігі

мен сауабы болсын) өзінің есепсіз, азапсыз жаннатқа кіретіндердің қатарында

болуын Аллаһтан сұрауын өтінеді". Жəне осыған дəлел болатын тағы бір дəлел.

Анас ибн Маликтен келген хадис : "Ол кісі былай деген: "Расында хазреті Омар

Аллаһ одан разы болсын, егер жаңбыр жаумай қиыншылық орнаса, Əбді

Муталидтің ұлы Аббасты дəнекер етіп жаңбыр сұрайтын. Ол кісі (Омар) : "Иə,

Аллаһ! Біз Сенен Пайғамбарымызды (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы

болсын) тірі кезінде дəнекер етіп жаңбыр сұрайтынбыз. Жаңбар

жаудыратынсың. Ал, енді Пайғамбарымыздың (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен

сауабы болсын) ағасын дəнекер етіп жаңбыр сұраймыз. Бізге жаңбыр жаудыра

көр!". Бұхари келтірген.

Бұл хадисті имам санғани өзнің "Субуль Ас-салам" атты кітəбінде Зубейр ибн

Баккардан риуаят етіп, ол жайында былай деген: "Аббас имамдыққа шығып:

"Иə, Аллаһ! Расында бүкіл қиыншылықтар күнəнің себебінен орнайды. Жəне

ол қиыншылықтар тек тəубемен ғана кетеді. Шынында мына қауым менің

Пайғамбарыма (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) жақындығымды

себеп етіп , Өзіңе мені дəнекер қылып жаңбыр сұрауда. Мына бір күнəлі

қолдарымызды көтере отырып , шынайы тəубе етіп, біздерег жаңбыр бере гөр-

деп сұраймыз!-деді. Осы тілектің артынша аспанда таудай қара бұлттар тіресіп,

жерді жаңбырмен құнарландырды.

6

12) Аллаһ Тағаланың сыйға тартқан игіліктерін мойындап, өзінің күнəлірыңды

да мойындау.

Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) былай дейді

екен: "Я, Аллаһ! Сен менің Раббымсың жəне Сенен басқа Тəңір жоқ. Сен

мені жараттың, мен Сенің құлыңмын жəне шамам жеткенше Саған деген

уəдемді, əрі сертімді сақтаймын. Өзімнің жасағанн

жаманшылықтарымнан Сенен пана тілеймін. Өзіңнің тарапыңнан берілген

нығметтеріңді, əрі күнəлəрімді мойындаймын. Мені кешіре гөр ,

ақиқатында Сенен басқа ешкімде күнəлəрді кешіруші емес". Шаддад ибн аус

жеткізген. Бұхари келтірген.

13) Қиыншылықта да, жақсылықта да Аллаһ Тағалаға жалбарыну.

Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) айтқан екен:

"Кім өзінің басына қиындық түскен кезінде Аллаһтың оның дұғасына

жауап беруін қаласа, хəл-ахуалы жақсы кезінде Аллаһқа дұға қылуын

көбейтсін". Аль-Албаний сахих хадис деген. Сол сияқта Пайғамбарымыз (ол

кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) Ибн Аббасқа былай деп кеңес

берген: "Кеңшілік кезде Аллаһта таны, сонда Ол сені қиыншылыққа

ұшырағанда таниды". Тирмизи келтірген.

14) Аллаһқа дұға қылғаннан кейін Оның жауап беруін күтуде асығыстық

танытпау.

Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) былай депті :

"Сіздердің араларыңызда кім асықпаса, "Мен өзімнің Раббыма дұға қылған

едім, Ол маған жауап бермеді"-демесе, оған жауап беріледі". Бұхари мен

Муслим келтірген.

15)Дауысты бəсеңдетіп, жалынып-жалбарынып, жасырын түрде дұға қылу.

Аллаһ Тағала былай деген: "Раббыларыңа жалына отырып, жасырын (бəсең

үнмен) дұға қылыңдыр. Ол шектен шығушыларды жақсы көрмейді".( Əл-

ағраф-55).

Аллаһ Тағала бұл аятта пенделеріне Оған жалына-жалбарынып, жасырын түрде

дұға қылуға əмір береді. Осыған орай мынадай хадис бар: "Бірде адамдар

дауыстарын қатты шығарып дұға жасады. Сонда Пайғамбарымыз (ол кісіге

Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) былай деді: "Ей, адамдар! Өздеріңді

аяңдар. Сендер керең жəне жоқ нəрсеге жалбарынып жатқан

жоқсыңдарғой. Ақиқатында, сендердің дұға қылғандарың бəрін естуші жəне

(сендерге) жақын". Абу Муса аль-Ашғариден Бұхари мен Муслим келтірген.

Сонымен, дауысты бəсеңдетіп, жасырын дұға қылу дұға əдебінің бір көрінісіне

жатады. Жəне бұлай жалбарынудың көптеген пайдасы бар. Ибн Таймиямұның

кейбір тиімді тұстарын қысқаша айтып кеткен:

1 – Имандылық жағынан маңызы жоғары. Себебі, бəсең үнмен, жалына-

жалбарына дұға қылушы жан Раббысының айтқан дұғасының бəрін естіп,

жауап беретініне сенеді.

2 - Əдеп сақтау тұрғысынанде маңызы жоғары. Себебі, патшалардың алдында

дауыс көтерілмейді. Ал, күллі дүниенің Патшасы-Аллаһтың алдында тіпті

дауыс көтеруге болмайды. Сондықтан кімде-кім Аллаһтың жасырын дұғаны

еститініне иман келтірсе, жоғары дауыспен дұға жасауы əдепсіздікке жатады.

3 – Жəне дұғаны бəсең үнмен жасаған кезде, дұғаның рухы болған Аллаһтың

алдында пақырланып төменшіктеу мен жалбарына бойұсыну сияқты

амалдардың көрінісі тереңдей түседі.

7

4 – Бəсең үнмен жасырын дұға қылу ықыласты ниеттің ең жақсы көрінісі.

Шайтанның дауыстап сөйлегенді пайдаланып, "Басқаларға қалай дұға

қылғаныңды көрсет"-деп рия үшін (кісі көруі үшін)жасатуына жол бермейді.

5 – Жасырын түрде бəсең үнмен дұға қылу Рббысының алыста емес, жақын

екенін көрсетеді.

6 – Жəне бұлай дұға қылу дұғаның ұзақ жасалуына ықпал етеді. Себебі, дауыс

көтеріп дұға қылған жан тез шаршайды, əрі жалығып кетеді. Мəселен, кітапты

дауыстап жəне ішінен оқитвн адамдар сияқты.

7 – Сонымен қатар, жасырын түрде дұға қылушы кедергі келтіретін

нəрселерден алыс болады. Жəне басқаларға өзі де кедергі келтірмейді. Əрі

дұғасы Раббысы мен пендесінің арасындағы құпия болып қала береді. Ал,

жамағатпен дауыс көтерудің зияны тіпті көп. Саляфтар (сахабалар) жамағатпен

қосылып, дауыс көтеріп дұға қылуды бидағат деп есептеген.

16)Дұға жасау əдептеріндегі тағы бір маңызды нəрсе басқа мұсылман

бауырларымызға Аллаһ Тағаланың рахым етуіне, кешіруіне, қолдау көрсетіп

жəрдемдесуіне, бұ дүниеде жəне ақіретте жеңіске жеткізіп, тура жолмен

жүргізуіне дұға қылу. Себебі бұл игіліктерге мұсылмандардың барлығы бірдей

мұқтаж. Əр мүміннің бауырының оған дұға қылуына мүдделі екені күмəнсіз

жəне бұл үшін қуанады. Ал, мұсылмандар өз бауырларына өзіне қалаған

нəрсесін тілейді.

Мұны білген əр мұсылман, əрине, өзінің мүмін жора-жолдастарына бар

ынтасымен дұға қылады. Жəне мұсылманның бауырына сырттай жасаған

дұғасын Аллаһ Тағала қабыл етеді. Абу Дарданың (Аллаһ одан разы болсын)

риуаят еткен хадисінде Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы

болсын) былай дейді : "Мұсылман адамның бауырына сыртынан жасаған

дұғасы қабыл болады . Оның қасында Аллаһ Тағала жіберген періште бар.

Ол өзінің баруырына жақсылық сұраған сайын , əлгі періште : "Əмин,

сағанда сол жақсылық нəсіп болсын"-деп сол игілікті дұға жасаушы

мұсылманның өзіне де тілейді". Муслим келтірген.

Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) былай жəне

дейді : " Кімде-кім барлық иман келтірген ер адамдар мен əйелдер үшін

кешірім сұраса, Аллаһ оған əрбір иман келтірген ер адам əйел үшін сауап

жазады". Убада ибн Самиттен Табараний келтірген.

Аллаһ Тағала сізге рахым етсін! Осындый дұғаның ұлықтығы мен сауабының

қаншалықты көптігін ойлаңызшы! Егер мұсылман əрбір тірі жəне өлі

бауырларының біліп-білмей істеген күнəлəрінə шын жүректен кешірім сұраса,

оның өзі қандайлық игілікке бөлінеді!!! Бұл сан жетпес, шексіз сауап!

17) Қай уақытта, қандай халде жəне кімнің дұғасы қабыл болады.

Осы арада мына мəселені есте сақтаған абзал: əдептің бəрі бірдей парыз емес,

бірақ оны ұстанса, тілектің тезірек қабыл болуына ықпал етеді. Жаратушы

Раббымыз бізге дұға жасауға əмір етті, оған құштарлығымызды оятты жəне оны

қабыл қылуға уəде берді. Сондықтан кез-келген жерде, кез-келген уақытта дұға

жасай аламыз. Алайда, Аллаһ Тағала Өзінің Ұлықтығына тəн

рахымдылығыменен міндетті түрде дұға қабыл болатын мекен, мезгіл, хал-

ахуал жөнінде айтып өтті. Осылайша Құранмен Пайғамбарымыздың (ол кісіге

Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) сүннетінде қай уақытта, қандай халде, қай

жеоде, кімнің тілегі қабыл болатыны баяандалады. Дұға жасау əдебі де

үйретіледі. Сондықтан бұл мүмкіндіктерді жіберіп алмауға тырысқан жөн. Енді

осы айтылған мəселелерге кеңінен тоқталайық.

1 – Дұғаның қабыл болатын уақыттары.

8

А) Түннің соңғы үштен бер бөлігі (яғни, таң сəрі кезінде). Дəлел: Аллаһ тақуа

пенделерін сипаттай келіп былай деді: " Олар, Раббымыз! Иман келтірдік,

күнəмізді кешірде от азабынан сақта"-дегендер. Олар сабыр етушілер,

шыншылдар, бойұсынушылар, Аллаһ жолында малын сарп қылушылар

жəне таң сəріден кешірім тілеушілер". (Əлі-Ғимран-16-17).

"Олар түнде аз ғана ұйықтаушы еді. Олар тапң сəріде кешірім сұраушы

еді". (Зариат -17-18).

Көптеген сахабалар риуаят еткен бір хадисте: "Біздің кемшіліктенн пəк, əрі

Ұлы Раббымыз əр түннің соңғы үштен бір бөлігі қалғанда дүние аспанына

түседі.. сол кезде Аллаһ:" Кім Маған дұға қылса, Мен оған жауап беремін.

Кім Менен сұраса, Мен оған беремін. Кім Менен кешірім сұраса, Мен оны

кешіремін"-дейді. Бұхари мен Муслим келтірген.

Бұл хадис Аллаһтың алдында осы уақыттың құрметті екенін көрсетеді. Яғни,

Жаратушы Раббымыз Өзінің Ұлықтығына сай оған тəн, Өзі жаратқанадардан

ешкімге, ешнəрсеге ұқсамайтын хақиқи түсумен дұние аспанына түседі. Аллаһ

Тағала Өзі қандай екенін ешкім білмейтіні тəрізді, бұл түсудің қандай жəне

қалай болатынын да ешкім білмейді. Көз алдына елестете алмайды. Мейірімді

де Рахымды Раббымыз аспан дүниесіне түссе де Ол бəрінен, яғни күллі əлемнен

жоғары тұрады.Өйткені Аллаһ Тағала бəрінен жоғары да Ұлық. Сондықтан

"былай түседі" немесе "қалай түседі?"-деп Аллаһтың бұл аспан дүниесіне түсуі

туралы ешкім ешқандай ойға кетпеуі керек. Жəне ол түсуде ешнəрсенің түсуіне

ұқсатпауы керек. Біз Раббымыздың теңдесіз көркем есімдері мен сипаттарына

сенген кезде оларды жоққа шығармай, еш бұрмаламай, яғни мағынасын

өзгертпей, "қандай, қалай?" деп сұрақ қоймай, елестетпей, ешкімге , еш нəрсеге

ұқсатпай сенеміз. Аллаһ Құаранда былай деген: "Еш нəрсе Ол сияқты емес.

Ол Аллаһ, əр нəрсені естуші, толық көруші". (Шура – 11).

Жоғарыда келтірген хадис осы уақытта дұғаның қабыл болатынына дəлел

болады.

Ə) Жұма күнгі бір сəт.

Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) жұма күні

туралы сөз ете отырып : "Осы күні бір сəт бар. Егер мұсылман намаз оқып

Аллаһ Тағаладан бір нəрсе сұрап жатқан кезде сол уақытқа тап келсе,

Аллаһ Тағала оған сұрағанын береді"-деді де, бұл мезгілдің тым аз уақыт

екенін қолымен көрсетті". Бұхари мен Муслим Абу Хурайрадан келтірді.

Ғұламалар жұма күнгі осы сəттің қай кезге сəйкес келетіні жөнінде пікір

таластырған. Соның ішінде дəлелі ең күштірегі екі мезгіл деп біледі:

1) Имам мінберге шығып хұтпа оқи бастағаннан жұма намазын оқып бітіріп,

босағанға дейінгі уақыт. Дəлел: Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ одан разы болсын)

бір күні Абу Барда ибн Абу Муса Аль-Ашғариден сұраған екен: "Сен əкеңнін

жұма күнгі сəт туралы бір нəрсае естідің бе?". Сонда Абу Барда : "Иə, мен оның

былай дегенін естіген едім, -дейді де- əкем айтатын: " Пайғамбарымыз (ол кісіге

Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) былай деп еді: "Осы сəт имам хұтпаға

отырғаннан бастап намаз біткенге дейін"-деді.

2)Аср (екінті) намазынан күн батқана дейін. Дəлел: Абдуллаһ ибн Салама

(Аллаһ одан разы болсын) баяндайтын: "Мен Пайғамбарымызға (ол кісіге

Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) "Біздің кітабымызда (яғни, Тəуратта ол -

əуелде Яһуди дінінде болған, кейін исламды қабылдаған) жұма күні бір сағат

бар екені айтылған. Иманда пенде намаз оқып, бір нəрсе сұраған кезде сол

сағатқа тап келсе, Аллаһ Тағала оның қажетін орындайды",-деген едім.

Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) қолымен "бір

9

сағаттан да азырақ" деп көрсетті. Сол кезде мен : "Иə, сіз дұрыс айтасыз, иə,

Аллаһтың елшісі, бір сағаттан да азырақ. Кейін Тəуратта айтылған сол қай сəт

деп сұрадым. Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) :"

Күннің күндізгі уақытының ең соңғы мерзімі"-деді. Сол кезде мен:" Ол

намаздың уақытысы емес қой" –дедім. "Иə,-деді ол –егер иман келтірген құл

намаз оқып болғаннан кейін , намаз үшін отырса (клксі намаздың уақытын

күтіп), ол намаз халінде болып есептеледі"-деді.

Б) Мубарак Рамазан айы.

Əсіресе соңғы он күні. Соның ішінде мың айдан да артық Қадір түні. Айша

(Аллаһ одан разы болсын) былай дейді: "Иə Аллаһтың елшісі! Егер мен Қадір

түні екенін білсем, не деп айтуым керек?-деп сұрадым. Ол (ол кісіге Аллаһтың

игілігі мен сауабы болсын) " Я, Аллаһ! Сен кешірімдісің, кешіруді жақсы

көресің. Ендеше мені кешіре гөр"-деп айт"-деді. Тирмизи келтірген Аль-

Албаний сахих хадис деген.

В) Арафа күні Құрбан айттың алдындағы бір күн.

Бұл күні көп адамның дұғалары қабыл болады, көп нəрселер кешіріледі жəне

Аллаһ Тағала көптеген адамды тозақтан босатады. Айша (Аллаһ одан разы

болсын) айтқан екен: "" Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы

болсын) былай деді: "Аллаһ Тағаланың Арафа күніндегідей, тозақтан

құлдарын көп босататын ешбір күн жоқ. Аллаһ төмен түседі жəне

періштелеріне құлдарын мақтан тұтады..." Муслим келтірген.

Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) айтты: "Ең

жақсы дұға Арафа күні жасалған дұға. Мен жəне маған дейінгі

пайғамбарлар айтқан сөздердің ең жақсысы : "Лəə илəəһа иллəллаһу

уахдаһу лəə шарика лəһ лəһуль-мульку уа лəһуль-хамду уаһууа ғалəə кулли

шайин қадир". Тирмизи келтірген Аль-Албаний хадисті хасан деген.

Аудармасы:"Аллаһтан басқа ешбір Тəңір жоқ. Ол Жалғыз. Оның серігі жоқ.

Барша билік жəне барлық мақтау Оған тəн. Əрі Оның күш-құдіреті барлық

нəрсеге толық жетеді".

Г)Азан мен иқамат арасында.

Анас ибн Мликтан риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың

игілігі мен сауабы болсын) былай деді: "Азан мен иқамат арасында жасалған

дұға қайтарылмайды. Ендеше сұраңдар". Ахмад , Абу Дауд, Тирмизи

келтірген. Аль-Албаний сахих хадис деген.

Д)Əтеш шақырған кезде.

Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) былай деді:

"Егер сендер əтештің шақырғанын естісеңдер , Аллаһтың игіліктерінен

сұраңдар. Өйткені, ол (əтеш) періштені көрді. Ал, егер сендер есектің

ақырғанын естісеңдер, онда Аллаһтың шайтаннан құтқаруын тілеңдер.

Өйткені, ол (есек) шайтанды көрді". Бұхари мен Муслим келтірген.

Осы хадиске орай Имам Науауий былай деген :" Қораз шақырғанда дұға

қылудың себебі періштелердің осы дұғаға куə болып амин деуіне үміт".

Ж) Жаңбыр жауған кезде.

Макхуль деген табиғин былай депті: "Жаумен кездескен кезде , намазға тұра

бастағанда, жəне жаңбыр жауған кезде дұға қылыңдар". Байһақи, Шафиғи

келтірген Аль-Албаний сахих хадис деген.

Міне бұл хадистерден түсінгеніміз мұсылман күн, түн демей, қай уықытта

дұға қылса да, оны рахымы өте кең Раббымыз қабыл етуі мүмкін. Бірақ,

жоғарыда аталған уақыттардың артықшылығы көп болғандықтан, бұл

мезгілдерде жасалған дұға тезірек қабыл болады. Дұға жасауда артықшылығы

10

бар арнайы уақыттар болғаны сияқты, халдер мен мекендерде бер дедік.

Сондықтан сол уақытта, халде, мекенде көбірек дұға қылған абзал.

2 – Дұға қабыл болатын халдер.

А) Намазда тұраған халде, əсіресе сəждеде Пайғамбарымыз (ол кісіге

Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) : "Пенденің Раббысына ең жақын сəті –

сəжде халінде. Ендеше, сол кезде көп дұға қылыңдар"-деді. Абу Хурайрадан

Муслим келтірген. Яғни, құл намазда Аллаһтың алдында бойұсынған ,

төменшіктеген, тəубеге келген, үмітпен жəне құтқаруын тілеген халде, əсіресе

сəждеде Раббысына жақын болады екен, ендеше сол сəтте көбірек кешірім

сұрап, көбірек дұға жасаған абзал.

Ə) Намаздың соңында, сəлем беруден бұрын.

Абдуллаһ ибн Масғуд былай деді: " Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі

мен сауабы болсын) бізге намаздың соңында айтылатын ташаһһуд сөздерін

үйретті де былай деді:" Сонан соң ол дұғалардың ішіндегі өзіне ұнайтынын

таңдасын да, дұға жасасын". Бұхари мен Муслим келтірген.

Сондай-ақ Аллаһтың елшісі (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын)

Муғаз ибн Жабалға (Аллаһ одан разы болсын)" Əр намаздың соңында былай

айт"-деп насихат еткен: "Я, Аллаһ! Сені зікір етуде (еске алуда). Саған шүкір

етуде жəне Саған жақсы ғибадат етуге маған жəрдем ете гөр". Ахмад, Абу

Дауд, ибн Хиббан келтірген Аль-Албаний сахих хадис деген.

Б) Ауыз бекіткен, ораза халінде.

Анас ибн Малик (Аллаһ одан разы болсын) былай депті: "Үш түрлі дұға

қайтарылмайды: ата-ананың, ауыз бекіткен жанның, жолаушының

дұғалары". Байһақи келтірген Аль-Албаний сахих хадис деген.

В) Мұсылман ихрам киіп, қажылыққа не умраға ниет еткен халде.

Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) айтқан екен:

"Аллаһ жолында күреске жəне қажылықпен умраға шыққан адам

Аллаһтың қонағы. Аллаһ оларды шақырады, олар Оған жауап берді. Жəне

олар Аллаһтан сұрады, Аллаһ оларға (сұрағандарын) берді". Абдуллаһ ибн

Омардан Ибн Маджа т.б. аль-Албаний хасан хадистерден деген.

Сол сияқты, жоғарыда айтып өткеніміздей, қажылық жасаған адамға бəрінен де

Арафат күні көбірек дұға қылған абзал.

3 – Дұға қабыл болатын мекендер.

А) Арафат тауымен оның айналасы.

Ə) Машғаруль-Харам, Муздалифада. (Таң намазынан күн шығар алдындағы

уақытқа дейін)

Б)Сафа мен Маруаның үстінде.

В) Үлкен жəне орта жамаратқа тас лақтырғаннан кейін.

Дəлелдер: Джабир ибн Абдуллаһ Пайғамбарымыздың (ол кісіге Аллаһтың

игілігі мен сауабы болсын) қажылығын былай сипаттайды: "Ол өзінің Қасуа

деген түйесіне мініп, Муздалифада Машғаруль-Харамға келіп, Құбылаға қарап

дұға қылды, жəне "Аллаһу акбар"-деп Аллаһты ұлықтап "Лəə илəһа иллаллаһ(-

деп зікір айтып күн шығар уақытқа дейін тұрды да, күн шықпай тұрып Минаға

қайтып кетті". Муслим келтірген.

" Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) Сафаға

шыққан кезде "Аллаһу акбар"-деп үш рет, "Лəə илəəһа иллəллаһу уахдаһу лəə

шарика лəһ лəһуль-мульку уа лəһуль-хамду уаһууа ғалəə кулли шайин қадир"-

деп үш рет айтатын, сонан соң дұға қылатын. Жəне Маруада да тура осылай

істейтін". Муслим Джабирдің жоғарыда келтірген хадисінде.

11

Абдуллаһ ибн Омар кіші жəне орта жамаратқа əр тас лақтырған сайын "Аллаһу

акбар" деді. Содан кейін шетке шығып, Құбылаға қарап, екі қолын көтеріп ұзақ

дұға қылды. Үлкен жамаратқа тас лақтырғаннан кейін тоқтамай кете берді,

сонан соң : "Мен Пайғамбарымыздың (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы

болсын) осылай істегенін көрген едім"-деді. Бұхари келтірген.

18) Кімнің дұғасы қабыл болатыны жөнінде.

А) Парыз амалдарын орындап, көптеген нəпіл ғибадаттарымен (ораза, садақа,

намаз) Аллаһқа жақындайтын пенде.

Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) былай депті:

"Аллаһ айтты: "Кім Менің жақын тұтқан құлыммен жауласа, Мен оған

соғыс жариалаймын. Менің құлым Өзім оған парыз еткен амалдардан өзге

Мен үшін сүйіктірек ешбір басқа амалмен Маған жақындай алмайды.

Содан кейін де Менің құлым қашан Мен оны сүйгенше Маған өз еркімен

істеген (нəпіл) амалдарымен жақындауын тоқтатпайды. Егер Мен оны

сүйсем, онда Мен оның еститін құлағы , көретін көзі, ұстайтын қолы,

жүретін аяғы боламын. Егер ол Менен сұраса, сұрағанын беремін. Егер ол

Менен пана тілесе, панама аламы". Абу Хурайрадан Бұхари келтірген.

Бұл хадистің мағынасы, Аллаһтың жақын тұтқан бұл құлы Раббысының қалаған

нəрсесін ғана естиді, қалаған нəрсесін ғана көреді жəне аяғы мен қолы Аллаһ

қалаған нəрсеге ғана қызмет етеді.

Б) Юнус (ол кісіге Аллаһтың сəлемі болсын) айтқан дұғаны қолданып, тілек

тілеген адам. Аллаһтың елшісі (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы

болсын) :" Юнус (ол кісіге Аллаһтың сəлемі болсын) киттің ішінде жатқан

кезінде жасаған дұғасы: "Я, Аллаһ, Сенен басқа ешбір Тəңір жоқ. Сен пəксің.

Мен күнəһəр залымдардың қатарынан едім". Қандайда бір мұсылман осы

дұғаны айтып, Аллаһқа дұға қылса, Аллаһ оған жауап береді"-деді. Тирмизи,

Ахмад келтірген. Аль-Албаний сахих хадистер қатарына қосқан.

В) Дұғасы қайтарылмайтын жандардың қатарына Пайғамбарымыз (ол кісіге

Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) ораза тұтқан адамның (ауыз ашарға

дейінгі уақытта), жолаушының, ата-ананың (баласына жасаған жақсы жəне

теріс дұғасы), зұлымдыққа ұшыраған жандардың жататтынын атап айтқан еді.

Осыған орай Пайғамбарымыздан (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы

болсын) хадистер келтірейік:

"Үш адамның дұғасы қайтарылмайды: ата-ананың, ораза ұстағанның,

жолаушының ".Байһақи келтірген, Аль-Албаний растаған.

"Үш дұғаға күмəнсіз жауап беріледі: зұлымдыққа ұшыраған жанның

дұғасына, жолаушының дұғасына , ата-ананың баласына жасаған

дұғасына". Абу Хурайрадан, тирмизи, Абу Дауд, Ибн Маджа. Аль-Албаний

хасан хадис деген.

Ибн Аббас (Аллаһ одан разы болсын) деген сахаба Пайғамбарымызның (ол

кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) Муаз ибн Жəбəлді Йеменге

жіберер алдында былай деп өсиет айтқанын хабарлайды:" Зұлымдыққа

ұшраған адамның дұғасынан сақтан. Себебі, ол дұға мен Аллаһтың

арасында кедергі болар перде жоқ". Бұхари келтірген.

Ескерту: Ендеше, ораза тұтқан жан жəне жолаушы көбірек дұға қылуға

тырыссын. Мүмкін бұл дұғалары қабыл болып, бұ дүниеде де, о дүниеде де

бақытпен игілікке бөленер. Сол сияқты біреуге зұлымдық жасаудан сақ болған

дұрыс. Өйткені, мазлұм (зұлымдыққа ұшыраған) адамның тілегі Аллаһқа тез

жетеді.

12

Сондай-ақ имам Ахмад келтірген хадисте ата-ананың баласына жасаған теріс

дұғасы да қабыл болатыны айтылады. Сондақтан, ата-анасы перзенттеріне ашу

үстінде болса да жаман тілек айтқаннан барнынша сақтанағаны дұрыс. Өйткені,

ол теріс дұға қабыл болып, өмір бойы қатты өкініште қалар. Керісінше,

балаларына көбірек жақсы тілек айтсын.

Г) Мұсылманның мүмінн бауырына сырттан қылған дұғасы қайтарылмайды.

Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) былай деді:"

Мұсылман адамның бауырына сырттан жасаған дұғасы қабыл болады.

Оның қасында Аллаһ Тағала жібергшен періште бар. Ол өзінің бауырына

жақсылық сұраған сайын əлгі періште:" Əмин. Сағанда сол жақсылық нəсіп

болсын",-деп сол игілікті дұға жасаушы мұсылманның өзіне де тілейді".

Абу Дарададан Муслим келтірген.

Д) Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) былай

деген: "Кімде-кім түнде оянып "Лəə илəһа иллəллаһ, уахдаһу лəə шарика

лəһ, лəһуль-мульку уа лəһуль-хамду уа һууа ғала кулли шаийн қадир. Аль-

хамду лиллаһи, субханаллаһи уа лəə илəəһа иллəллһ, уаллаһу акбар уа лə

хаулə уа лə қууата иллə биллəһ",-деп Аллаһтан кешірім сұраса , я дұға

қылса дұғасы қабыл болады. Егер дəрет алып намаз оқыса, намазы қабыл

болады". Убада ибн Самиттен Бұхари келтірген.

Ж) Қиындыққа ұшырап, Аллаһқа бар ынта-ықыласымен жалына-жалбарына

дұға қылған адамның дұғасы қабыл болады. Аллаһ Тағала айтты: "Немесе

қиындыққа ұшырағандар Оған жалбарынғанда тілегін қабыл

етіп,қиыншылықты кетіретін жəне сендерді жер жүзінде орынбасар

қылатын кім? Аллаһпен қатар өзге Тəңір бар ма? Өте аз естеріңе

аласыңдар". (Нəміл-62).

З) Исламда дəнекер етуге рұқсат етілген істерге төмендегі нəрселер жатады.

Олар:

1 – Аллаһтың есімдері мен сипаттарын дəнекер етіп дұға қылу.

2 – Аллаһ ризалығы үшін жасалған ізгі амалдарды дəнекер етіп дұға жасау.

3 – Аллаһтың салихалы пенделерінен өзіңе дұға етуін сұрау. Бұл істердің дəлелі

жоғарыда өткен аяттар мен хадистерде берілген.

Д)Аллаһтың ең ұлы атымендұға қылған жанның дұғасы.

Осыған байланысты бірнеше хадистер бар. Сол хадистерге сүйенен отырып,

көптеген ғұламалар Аллаһтың " Я,Аллаһ!", "Иə, Хайю!", Иə, Қайюм!"-деген

есімдері, Аллаһты осы есімдерімен сұраса, беретін, тілек тілесе дұғасын қабыл

ететін ұлы есімдері қатарына жатады деген.

19) Дұға қылған кезде сақтануға тиіс жəйттер.

А)Дұға қылуда шектен шығушылық. Оған дəлел: "Раббыларыңа жалбарына

отырып жасырын (бəсең үнмен) дұға қылыңдар. Шындығында ол шектен

шығушыларды жақсы көрмейді". (Ағраф -55).

Дұғада шектен шығушылық деп, дұғада рұқсат етілген нəрселердің шегінен

шығып, рұқсат етілмеген істерді жасауды айтады. Дұғада шектен

шығушылықтың түрлері көп. Кейбіреуі күпірлікке алып келіп, діннен шығарып

жіберетіндей дəрежеге жеткізеді:

1 – Кімде-кім дұғасында Аллаһ Тағаладан өзге бір нəрседен жəрдем сұраса,

онда шектен шығушылықтың ең ауыр түрі ширк күнəсін жасаған болады.

Оған мына аят дəлел: " Аллаһтан өзге қиаметке дейін өзіне жауап бере

алмайтын біреуге дұға қылып, жалбарынғаннан артық адасушы кім? Ал,

олар (яғнни, Аллаһтан өзге жалбарынған нəрселері) олардың дұғаларынан

бейхабар". (Ахқаф-5).

13

2 - Өзіне лайық емес нəрсені сұрау. Мысалы, Пайғамбарымыздың немесе

періштелердің дəрежесіне жетуді, не оларға берілген қасиеттерге ие болуды

сұрау.

3 – Аллаһ Тағаланың хикметі бойынша орындалмайтын нəрсені сұрау. Мысалы,

"Мəңгі өмір сүрейін", "Тамаққа мұқтаж болмайын", "Мүлде ұыйқтамайын"-деу.

4 – Рұқсат етілмеген күнəлі нəрсені сұрау. Мысалы, күнəлі іске жəрдемдесуін,

харам игілікке қол жеткізуіне көмектесуін тілеп дұға жасау.

5 – Жалынып-жалбарынбай, өзінің мұқтаждығын танытпай, немқұрайлы

қалыпта дұға жасау.

6 – Сонымен қатар, шектен шығушылыққа Аллаһқа тəн емес есімдермен

сипаттарды атап дұға қылуда жатады. Мысалы, "Я, Жарықтық!", немесе "О,

Құдірет!", т.б. Аллаһ Өзін атамаған есімдермен сипаттарды айтып дұға қылу.

7 – Даусын көтеріп, əдепсіздік таныта отырып дұға қылу.

8 – Дұға жасағанда ұйқас қуып, дұғаның сыртқы нысанына əсіресе көңіл бөлу.

9 – Мұсылмандарға қарсы, өзіне жəне баласына, ма-мүлкінеқарсы дұға қылу,

əсіресе ашуланған кезде: "Құрып кеткір", "Мұны көргенше өйтіп кетсемші,

бүйтіп кетсемші"-деген сияқты аузына не келсе соны айтудан барынша

сақтанған дұрыс. Себебі, дұғасы қабыл болып, кейін өкініште қалуы мүмкін.

Керісінше өзіне, перзенттеріне, басқада мұсылмандарға, күллі адамзатқа иман,

игілік, береке, бейбітшіліе, т.б. нығметтерді сұрап, жақсы дұға қылуды əдетке

айналдырған жөн. Жəне осылай істеуді балаларына, тағы басқаларына

үйреткені дұрыс. Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы

болсын) үмбетінде дұға жасаған кезде шектен шығушылар болатынын айтып,

ондай істен сақтануды ескерткен еді. Ахмад келтірген хадисте :"Бірде Абдуллаһ

ибн Муғаффаль өзінің ұлының былай деп жалбарынғанын естиді: "О, Аллаһ,

мен Сенен жаннатқа кірген кезімде оң жақтан ақ сарай нəсіп етуіңді сұраймын".

Сонда əкесі былай дейді: "Ұлым, Аллаһтан жаннат сұра жəне тозақтан пана

тіле. Өйткені, Пайғамбарымыздың (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы

болсын) :"Бұл үмбетте дұға жасаумен дəрет алуда шектен шығатындар

болады", -деп айтқанын естіген едім"-деді. Аль-Албаний растаған.

Ə)Дұғаның қабыл болмауына ықпал ететін нəрселерден аулақ болу.

1 – Харам аспен қоректеніп, харам жолмен келген мал-мүлікті пайдалану.

Осыған орай Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын)

былай деген:"Аллаһ жақсы. Сондықтан жақсы нəрселерді ғана қабыл

қылады. Аллаһ иман келтірген құлдарына Өзінің елмілеріне əмір еткенді

əмір етті. Аллаһ Тағала былай деді: "Ей, елшілер! Жақсы нəрсені жеп, ізгі

іс істеңдер", жəне "Ей, иман келтіргендер! Сендерге нəсіп еткен адал асы

ішіп-жеңдер", деді. Сонан соң Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен

сауабы болсын) мынадай мысал келтірді: "Ұзақ жолдан шаршап-шалдыққан,

шашы таралмағандықтан ұйпа-тұйпа, үсті-басы кір-кір адам екі қолын

жоғары көтеріп: "Иə, Раббым! Иə, Раббым!"-дейді. Ал, өзі харамды жесе,

харамды ішсе, харамды кисе, тұла бойына харам сіңген болса, оған қалай

жауап беріледі?!". Муслим келтірген.

Бұл пенденің дұғасы қабыл болуына ықпал етуге тиіс бір емес, төртт себеп бар

еді. Олар:

1 – Ол жолаушы.

2 – Қиыншылыққа ұшыраған халде.

3 – Суннат бойынша қолын жоғары көтерді.

4 – Аллаһтың есімін, сипатын айтты.

Алайда, харамда пайдаланғандықтан оның дұғасы қабыл болған жоқ.

14

Сол секілді жоғарыдағы хадистен адал игілікті пайдаланып, адал аспен

қоректенген адамның дұғасын Аллаһ Тағала қабыл қылатынын аңғарамыз.

Бұған дəлелді төмендегі мына хадистен көреміз. Абдуллаһ ибн Аббас риуаят

еткен бұл хадисте Сағд ибн Уаққас деген сахаба Пайғамбарымызға (ол кісіге

Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын)келіп:"Иə, Аллаһтың елшісі! Мені тілеген

дұғалары қабыл болатындардың қатарынан болуымды Аллаһтан сұраңызшы"-

деді. Сонда Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы

болсын):"Иə, Сағд! Ас-қорегің халалды болсын. Сонда тілектерің қабыл

болады"-деген.

Уаһд ибн Мунаббиһ былай деген: "Кім Аллаһ оның тілегіне жауап бергенін

қаласа, адал асты жеп, адал игілікті пайдалансын".

2 - Жəне барша харам істермен күнəлəр, сондай-ақ парыз етілген амалдарды

атқармау дұғаның қабыл болмауына тотсқауыл болмауы мүмкін. Осыған орай

салафтар:" Дұғаның қабыл болу жолдарын күнəлəрмен жауып, қалайша "жауап

кешікті" деп айтасың"-деген екен.

3 – Аллаһтың күнəлі немесе туыстық байланысты үзуге жетелейтін іске

көмектесуін сұрау жəне дұғаның қабылдануын күту үстінде асығыстық

жасауда оның қабыл болуына кедергі болады. Пайғамбарымыз (ол кісіге

Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын): "Егер пенде күнəлі немесе туыстық

байланысты үзетін нəрсені сұрамаса, сондай-ақ дұғасына жауап берілуін

күтуде асығыстық жасамаса, Аллаһ құлының дұғасын қабыл қылады"-деді.

Сонда сахабалар:" Иə, Аллаһтың елшісі! Жауап берілуіне асығыстық таныту

дегеннің мағынасы не?"-деп сұрады. Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың

игілігі мен сауабы болсын): "Бұл пенденің : "Мен Аллаһқа жалбарынып

сұраған едім, бірақ, Оның жауап қайтарғанын көрген жоқпын" деуі. Содан

кейін оның үміті үзіліп, Аллаһқа дұға қылуын тоқтатады"-деді. Абу

Хурайрадан Муслим келтірген.

4 – Жақсылыққа шақырмау жəне жамандыққа тыйым салмау.

Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) айтқан екен:

"Жаным қолында болған Аллаһтың атымен ант етемін! Сендер

жақсылыққа əмір беруге жəне жамандықты тоқтатуға міндеттісіңдер.

Əйтпесе, Аллаһ сендерге өзінің жазасын жібереді. Содан соң сендер Оған

дұға қылсаңдар, сендерге жауап берілмейді". Тирмизи келтірген.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: