ДАИШ мүфтиі қаза тапты

ДАИШ мүфтиі қаза тапты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Бейрут» баспасөз қызметінің хабарлауынша, жуырда ғана Сирияның  Иракпен шекаралас аймағында АҚШ тарапынан жасалған әуе соққысынан ДАИШ террористерінің бас мүфтиі Турки Банғали қаза тауыпты.

Алайда, мүфтидің өлімі жайлы бүгінге дейін ДАИШ тарапынан нақты ресми деректер баяндалмаған. АҚШ-тың халықаралық коалиция басшылығының мәліметінше, Турки Банғали Әбу Бакр Бағдадидің жақын туысы әрі кеңесшісі болған екен.

Сонымен қатар, ол ұйым қатарына қосылған көптеген шетелдіктердің Сирия мен Иракқа келуіне бірден бір себепші болған адам. Бұған қоса, Турки Банғали осы күнге дейін ДАИШ содырларына қарулы жихад туралы көптеген дәрістер өткізіп отырған.

 Kazislam.kz 


Әбу Хурайрадан риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз: «Жақында үлкен бүліктер орын алады. Сол бүлік кездерінде отырғандар тұрып тұрғандардан, жүріп бара жатқандар жүгіріп жүргендерден артық болады. Кім сол бүлікке тап болса, одан алшақ тұрсын» деген. (Бухари, VIII, 92; Тәфрирул-Қуранил Азим, II, 43; Ибн Мәжә, Сунән II, 3961.)

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: