ЭКСПО көрмесін бір күнде аралап шығу мүмкін емес, сол себепті NUR.KZ порталы сіздерге ең үздік ТОП-5 павильонды көрсетеді. Себебі, келген туристердің баршасы оларды көргенде таңданыстарын жасыра алмай жатыр.
ГЕРМАНИЯНЫҢ жұлдызды порталы
Германияның екінші павильон залында үлкен айналы бөлме бар, ол толықтай жұлдызбен көмкерілген, айналасы қап-қараңғы. Өзіңізді галактикада тұрғандай сезінесіз.
Кенет үлкен үстелдің ортасында шұңқыр айналып, тұңғиықтан бізге жылтылдаған жұмбақ қолдар созыла бастайды... Жарылыс! Біз жаңа ғана әлемнің пайда болуына куә болдық. Шоу таңғалдырмай қоймайды.
ИЗРАИЛЬДЫҢ елестер иллюзиясы
Израиль павильонын міндетті түрде көру керек, өйткені бізден кейін кірген туристер тобының таңданыстарында шек болмады. Тағы да иллюзияның ортасындамыз - мыңдаған шамдары бар бөлме шексіз тәрізді көрінеді. Кеңістікте жоғалып кетпес үшін, міндетті түрде селфи жасаңыз.
МОНАКОНЫҢ билейтін қарлығаштары
Монакода сізді өте әдемі, механизацияланған шоу күтеді. Билейтін айналар - теңіз түбіндегі толқындар тәрізді, олардың жанынан жүзіп бара жатқан үйірлі балық, теңіз атбалықтары және қарлығаштар көрінеді. Су асты патшалығы кенет жоғалып кетіп, айна арқылы Монаконың лазурлі жағалауына алып барады.
АВСТРИЯНЫҢ сүйкімді механизмдері
Австрия павильонында өте әдемі суреттер пайда болады, түрлі-түсті механизмдер балалар мен отбасылы суреттер үшін таптырмайтын фон. Оларды велосипед басқышын айналдырып, канаттарда ілініп тұру арқылы қозғалысқа келтіресіз.
Энергия Холлындағы робот-түйіршіктер мен сәулелі шоу
Бұл механизм туристерді сөзсіз таңғалдырады, күміс түйіршіктердің әр қозғалысы миллиметріне дейін өлшенген, олар ақылға сыймайтын дәлдікпен әлем энергиясын көрсетеді. Геометриялық шоу, дауысты арнайы эффектілерге сөз жоқ.
Келесі бөлмеде мүлдем басқа қызықтар күтіп тұр. Үлкен кубтар арқылы мәнерлі лабиринт жарығының ойынын шектеусіз тамашалағыңыз келеді.
Nur.kz
«Заманға серт. Негізінен адам баласы зиянда. Бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер бір-бірі- не шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер, олар зиянға ұшырамайды» (103.Асыр, 1-3)