
Күн өткен сайын қазіргі заманғы байкерлер қылмыскерлер, көшені шулатып жүретін бұзақылар, шайтан-арбадан (мотоцикл) басқа ештеңеге қызықпайтын, барларда төбелес шығарушылар бейнесінен алыстап келеді.

Бүгінде көптеген байкерлер қаңғыбас және панасыз жануарларды құтқарумен, ал кейбір жағдайларда тіпті мектеп оқушыларын бұзақылардан қорғаумен айналысып жүр.

АҚШ-та жақында ғана "Үммет" (Біріккен мұсылман мотоциклистер қауымдастығы) деп аталатын байкер ұйымы пайда болды.

"Қоғамдастықтың негізгі принциптері - серіктестік, бірлік, отбасы, ғибадат және Алланың разылығына ұмтылу» - дейді осы топты құрушылар.

Үш адамнан тұратын топ болып басталған "Үммет" қазір Азия, Африка және Ұлыбританияда филиалдарын ашып, халықаралық қозғалысқа айналды.





hibatulla.kz
ұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыз: «Қайсыбір мұсылман өзінің бауырына көмектессе, Алла оған көмектеседі» деген.


14 Қараша 2025
23 Джумада-авваль 1447

