Facebook әлеуметтік желісін пайдаланушы Жазнура Токтоболотова өз парақшасына 70 жастағы Жұмаәлі атаның суреттерін жариялады.
Ол Қырғызстанның Нарын облысы Ат-Башин ауданында тұрады. Зейнеткер өте белсенді өмір салтын ұстанады екен. Бес уақыт намаз оқып, күн сайын жаттығулар жасайды және жүгірумен айналысады. Сондықтан да қарт осы жаста еш қиындықсыз шпагатқа отыра алады.
Сонымен қатар ақсақал өлең жазады. Өзінің ана тілі қырғыз тілінен бөлек араб, орыс, өзбек тілдерін меңгерген. Ал соңғы уақыттарда ғаламторға да қызығушылық танытып жүрген екен.
hibatulla.kz
«Қарттарға құрмет және сияпат, Алла тағалаға деген құрметтен туындайды.» (Имам Бұхари)