Сомалилік жас мұсылман ерлі-зайыптылар өздерінің сән-салтанатты үйлену тойында ақшасын елдегі құрғақшылықтың құрбанына айналған мұқтаждарға қайырымдылық жасауға жұмсауды жөн көрді.
Жас жұбайлар неке қидырған күні барлық мұқтаждарға су мен азық-түлік үлестірді және басқалармен өз қуаныштарын осылай бөлісті.
hibatulla.kz
Саңлақ сахаба Әбу Һұрайра (р.а.): «Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с) былай деді», - дейді:
"قال الله تعالى: أنفق يا ابن أدم ينفق عليك " {متفق عليه}
«Алла тағала айтады: «Ей, адам баласы! Алла үшін қайырымдылық жаса, сонда саған да қайырымдылық жасалады».