Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) қажылық парызының жауапкершілігі зор әрі марапатының шексіз екенін өз хадистерінде ескерткен. Адамды анадан жаңа туғандай пәк, таза кейіпке бөлендіретін қажылық нендей құлшылық?!
Оның маңыздылығы мен мәні неде деген сауал әр мұсылман жанды ойландырса керек. Сонымен, қажылық сөзі, араб тілінен алғанда, «құрмет тұтылған қасиетті жерді зиярат ету» мағынасын береді. Ал, қолданудағы немесе терминдік мағынасы, Алла Тағаланың ризалығы үшін құлшылық ниетімен қажылық айлары деп аталатын уақытта Мекке қаласындағы Қағбаны тауап етіп, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетіне сәйкес барша қажылық рәсімдерін орындау болып табылады.
hibatulla.kz
Қасиеттi Құранда: «Алла үшiн Қағбаны адамдарға қажылық ету парыз» («Әли-Имран» сүресi, 97 аят).