Хабарландыру!!! «Әз-Наурыз» төрлет төріме!

Хабарландыру!!! «Әз-Наурыз» төрлет төріме!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрметті Тараз жұртшылығы! Даламызға шуақты көктеммен бірге енген ұлыстың ұлы күні «Әз-Наурыз» мерекесі биыл да бірінші болып орталық мешітте басталмақ. Сіздерді 17 наурыз күні «Һибатулла Тарази» мешітінде жұма намазынан кейін өтетін «Қош келдің, әз-Наурыз» мерекелік іс-шарасына шақырамыз!

Дүбірлі тойда қазақтың дәстүрлі киіз үйі тігіліп, ақ дастархан жайылып, наурыз көже қойылады. Сонымен қатар әйелдер жамағаты салт-дәстүр бойынша рәсімдер өткізеді.

Білекті бірді жығар жігіттер арасында спорттық сайыс ұйымдастырылады. Аталған сайысқа сіз де қатысып, жүлделі бола аласыз! Күш сынасу: гір тасын көтеру, арқан тарту, қошқар палуан, ләңгі тебу ойын түрлері бойынша жүргізіледі.

Шариғатымыз бен дәстүрімізді ұштастырған ұлық күннен кеш қалмаңыздар!

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: