Әлеуметтік желіні Түркиялық музыкаға деген махаббаты күшті мысық баурап алды. Егесі синтезаторда ойнап отырғанда үлпілдек жүнді мысықтың әуенді рахаттана тыңдап жатқан бейнежазбасы танымалдыққа ие болуда.
Соңғы бірнеше күннің ішінде бейнежазбаны миллиондаған ғаламторды пайдаланушы қарап үлгерген.
Жазбаны Instagram желісіне мысықтың иесі – Стамбул Сарперде музыкант болып жұмыс істейтін Думан салған. Анықталғанындай, ол жігіттің бірнеше үй жануары бар және олар үшін концерттерді үнемі ұйымдастырады екен.
hibatulla.kz
Екі дүниенің сардары болған ардақты пайғамбарымыз ﷺ: «Барлық тірі жан иесіне жасаған ізгі амалдарыңа сауап жазылады» деген. (Бұһари, Мүслім).