Әлеуметтік эксперимент: Тамақты салауатқа ауыстырамыз. (ВИДЕО)

Әлеуметтік эксперимент: Тамақты салауатқа ауыстырамыз. (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әбу Талха әкесінен риуаят етеді: Алла елшісі (с.ғ.с.) бір күні жүзінен қуаныш байқалып келді. Адамдар: уа, Алла елшісі! Жүзіңізден қуаныш көріп тұрмыз,-деді. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Маған періште келіп: уа, Мұхаммед! Раббың: үмбетіңнен саған біреу бір салауат айтса, Мен оған он салауат (рақымет) беремін, үмбетіңнен саған біреу бір сәлем айтса, Мен оған он сәлем беремін, осыған ризасың ба?,-деді. Мен: әрине,-деп жауап бердім (Ахмед, Насаи)».

Пайғамбарымыз есімі айтылғанда салауат айтпау нағыз сараңдық. Себебі, пайғамбарға бір салауат айтып, есесіне Алла тағаладан он салауат алғысы келмеген адамнан асқан сараң болмайды. Әли бин Хусейн әкесінен (р.а.) риуаят етуде: «Сараң – менің атым айтылған кезде маған салауат айтпаған адам (Ахмед)».

hibatulla.kz


Құран Кәрімде: «Расында, Алла пайғамбарға рахмет етеді. Және періштелер салауат айтады. Әй, мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер (Ахзап сүресі, 56-аят)»,-деп әмір етілген.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: