I Республикалық журналистер форумының қарары қабылданды (ФОТО)

I Республикалық журналистер форумының қарары қабылданды (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысы Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен облыс орталығы Өскемен қаласында «Адамгершілік құндылықтарды насихатауда БАҚ-тың рөлі» атты I республикалық журналистер форумы өтті.

Форумның басты мақсаты – адамгершілік құндылықтарды насихаттаудың маңыздылығын түсіндіру, сонымен қатар ҚМДБ-ның баспасөз хатшыларының жұмысын жан-жақты жетілдіру.

Алқалы басқосуға ҚМДБ-ның баспасөз бөлімінің басшысы Ағабек Қонарбайұлы мен Ғаламтормен жұмыс бөлімінің басшысы Әбдіхалық Мұрат және Азаматтық қоғам және Дін істері минстрлігінің  Дін істері комитеті Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығы Исламды зерттеу бөлімінің басшысы, ғалым  Мұхан Исахан, Діни басқарманың облыстар бойынша баспасөз хатшылары, жергілікті журналистер, ғалымдар, діни бірлестік жетекшілері қатысты.

Форумды ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкіл имамы, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай ашып, жиынның мақсаты мен міндетіне тоқталды.

Ол өз сөзінде бүгінгі таңда адамгершілік құндылықтарды БАҚ арқылы насихаттаудың маңыздылығына тоқталды.

«Еліміздегі БАҚ-тың алдына келелі міндет тұр. Қоғамда исламдағы зайырлылық пен адамгершіліктің асыл қасиеттерін насихаттауда басымдық бере отырып, бейбітшілікті сақтаудың маңызы зор», – деп атап өтті Е.Тасболатұлы.

Жиында ҚМДБ-ның баспасөз бөлімінің басшысы Ағабек Қонарбайұлы баяндама жасады.

Ол: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен өтіп жатқан І республикалық журналистер форумы бүгінгі таңда біздің қоғам үшін өте маңызды іс-шара деп атар едім. Дін дегеніміз нәзік мәселе емес пе? Оған байсалды көзқарас керек», – деп атап өтті. А.Қонарбайұлы діни насихат саласындағы бірқатар түйткілді мәселелерді талдап айтып берді. Діни ақпарат таратудың тың тәсілдерін ұсынды.

Жиында өзгеде діни бірлестік жетекшілер қатысып, олар дәстүрлі діндердің адамгершілік құндылықтары жайлы сөз қозғады. 

Баяндамашы ғалым Елена Савчук БАҚ және дін тақырыбында салиқалы ойларға толы баяндамасында тың ойларға толы болды.

ҚР Азаматтық қоғам және Дін істері минстрлігінің  Дін істері комитеті Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығы Исламды зерттеу бөлімінің басшысы Мұхан Исахан қазіргі діни ахуал және БАҚ-тағы насихат төңірегінде ойларын ортаға салды.

Мұхан Баймұратұлы адамгершілік құндылықтарды насихаттаудың мағыздылығын айта келе: «Әдебиет деген сөздің төркіні әдеп деген сөзден шыққан. Бабаларымыз әдеп пен адамгершілікті әдебиет арқылы насихаттаған. Кеңес заманында да Абайдың мұралары, діни көзқарасы әдебиет арқылы насихатталды», – деді.

ҚМДБ-ның Ғаламтормен жұмыс бөлімінің басшысы Мұрат Әбдіхалық

БАҚ өкілдерінің ғаламтормен жұмыс жасаудың тың тәсілдерінен ой өрбітті.

Басқосуда журналситер қауымы да адамгершілік құндылықтарды насихаттаудың маңыздылығы, діни терминдерді қолдану туралы маңызды мәселелерге байланысты өз ойларын ортаға салды.

Форум соңында Қарар қабылданды. Қарар мәтінінде: «БАҚ арқылы адамгершілік құндылықтарды насихаттау, имандылық қағидаларын орнықтыру арқылы түрлі жат діни ағымдардарға еріп адасудың алдын алуға болады деп санаймыз. Сонымен қатар имани құндылықтарды санаға сіңіру арқылы отаншылдық пен мемлекетшілдік қасиеттерді жастардың жүрегіне дарытуға болады деп сенеміз. Зайырлылық қағидаларын сақтай отырып, асыл дінімізге деген құрметті нығайту аса қажет деп есептейміз», – делінген.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: