Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) һижрет етуімен Мәдина қаласы нұрланады. Алланың елшісі (с.ғ.с.), жоғарыда айтқандай, муһажирлер мен ансарларды бауырластырды. Ансарлар бұл бауырмашылдық-тың мағынасын түсінгені сонша-лық, бауырласып болысымен, муһажирлерді үйлеріне алып барып, мал-дүниелерінің жартысын беруге дайын екендерін айтты.
Муһажирлер әдептіліктерінен олардың бұл жақсылықтарына, өздерінен басқаларды артық көргендеріне рахметтерін білдіріп: «Сендер біздің бұл жерге келгенде мал-дүние үшін келмегенімізді білесіңдер. Біз дінді жаю үшін келдік, Алла сендерге береке берсін. Бізге базарды көрсетіңдер, еңбек етіп, өзімізге ризығымызды өзіміз табайық», - десті.
hibatulla.kz
Хадисте «Кімде-кім Мәдина тұрғын-дарына зұлымдық жасап, қор-қыныш ұялататын болса, Алла оған қорқыныш ұялататын болады. Алланың, Оның періштелерінің және барша адамдардың лағнеті болады. Алла ешбір амалын қабыл етпейді».