Қағба – мұсылмандар құлшылық ететін аса қастерлі орындағы тұңғыш ғимарат. Қасиетті үй, көне үй деп аталады. Меккедегі масжид ул-һарамда (Қасиетті мешіт) орналасқандықтан "әл-бәй-түл-һарам" (қасиетті мешітте орналасқан төртбұрышты үй) деп те аталады.
Құран Кәрімде: «Сол уақытта үйді (Қағбаны) адам баласы үшін орталық әрі бейбітшілік орны етіп жасадық...»,-деп айтылғандай Қағба Алла елшілері әкелі-балалы Ибраһим мен Исмаил (ғ.с.) көтергелі бері ешуақытта өз қасиетін жоғалтпаған. Қағба мұсылмандардың жүрегінде қастерлі болғаны сияқты, Мекке мүшріктері де оны ерекше құрмет тұтты. Сол дәуірлерде діні мен құлшылығы бөлек мүшріктер де мұсылмандармен қатар өз рәсімдерін жасайтын еді. Осылайша, олардың өз құлшылығы болғанымен, Жалғыз Жаратқанға құлшылық етушілер мен пұтқа табынушылар бірдей Қағбаны құрмет етті.
hibatulla.kz
Құран Кәрімде: «Негізінде адам баласы үшін Меккеде алғаш құрылған үй (Қағба) бүкіл әлемге мүбәрак және тура жол» (Әли Ғимран сүресі, 96-аят),–дейді.