Зағип мұсылман Құран оқуға барын салуда, ал сіз оқи аласыз ба? (ВИДЕО)

Зағип мұсылман Құран оқуға барын салуда, ал сіз оқи аласыз ба? (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла тағаланың хақ діні Исламның екі қайнар көзі бар: бірі – қасиетті Құран Кәрім, екіншісі – пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистері мен сүннет жолы (өнегелі өмірі).

Құран – ұлы періште Жәбірейіл (ғ.с.) арқылы хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызға уахи етілген Алла тағаланың сөзі. Оқиғалардың ұрымтал кезінде, зердеге тез түйіп, тыңдағандар құлағына құйып алуға жеңіл етіп 23 жыл бойы түскен. Содан бері оның бір сөзі де, бір әрпі де өзгермеген және өзгермейді де. Өйткені, оның қорғаушысы Өзі екенін Алла тағала Құран Кәрімде: “Құранды біз түсірдік, оны қорғайтын да өзіміз” (“Хижр” сүресі, 9-аят), – деп ескерткен.

Алланың өзі сый еткен Құранның бетін ашасыз ба? Алла бізге тіл, көз, құлақ берді. Біздің көзіміз көреді, құлағымыз естиді, Құран оқуға мүмкіндігіміз бар. Дегенмен сол Құранды қаншалықты білеміз? Сіз қанша сүре білесіз? 

Мына кісінің көзі көрмесе де Құран оқиды. Соқырларға арналған электронды Құранды қолымен жүргізіп отырып сезеді. Бейнероликте Құранның Брайля шрифті қолданылған.

hibatulla.kz

hibatulla.kz


Алла  Тағала Құран Кәрімнің «Юнус» сүресінің 57-аятында:

يا ايها الناس قد جاءتكم موعظه من ربكم و شفاء لما في الصدور و هدي و رحمه للمؤمنين

«Әй, адамдар! Тәңірлеріңнен сендерге насихат болған, жүректегі дертіңе дауа болған мұсылмандарға тура жол және жарылқау болған кітап (Құран) келді»,- дейді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: