Шотландияда мұсылман балабақшасы бар

Шотландияда мұсылман балабақшасы бар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шотландияның Глазго қаласында мұсылман балаларына мектепке дейінгі білім беруді қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылы тұңғыш Govanhill мұсылман балабақшасы ашылды.

Бұл балабақша тек мұсылман отбасылар ортасында ғана емес, өзге де дін өкілдері үшін де ерекше. Қазір балабақша көптеген діндердің достық шаңырағына айналды.

Мекеменің жемісті жұмысына оң бағасын берген қалалық кеңес балабақшаға қаржылай көмек көрсету және тәрбиеші мамандармен қамтамасыз ету туралы шешім қабылады.  Қазіргі күні балабақша 30 баланы қабылдауға мүмкіндігі жетеді.

Қалалық кеңестің шешімінен кейін оның әлеуеті арта түседі деп жоспарланған. Ал алдағы болашақта Шотландияда тұңғшы ислам мектебін ашу да көзделеді. Ал балабақша тәрбиешілері адамдарға сый-құрметпен қарауды, мұсылман әдебі мен жалпы адами құндылықтарды үйретеді.

Ұйымдастырушылар балабақша тәрбиеленушілерінен болашақата Шотланияның отансүйгіш азаматтары қалыптасып шығатынына сенім артады.

ummet.kz


Алла Елшісінің (с.ғ.с.) хадистеріне назар аударсақ, «Ата-ананың бала алдында үш міндеті бар. Олар: балаға жақсы ат қою, дұрыс тәрбие беру, уақыты келгенде үйлендіру» деген.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: