Енді АҚШ-тың әскеріндегі сарбаз қыздар дін талап етсе, хиджаб пен тюрбанды еркін кие алады. Басты талап мұсылман таққан хиджаб форманың түсіне сәйкес және төзімді матадан тігілуі керек.
АҚШ қарулы күштерінің қолбасшылығының айтуынша, бұл шара АҚШ әскерінің қатарына мұсылмандарды тартуға мүмкіндік береді.
Хиджабпен бірге американдық солдаттар сақал өсіре алады, дегенмен шарт бойынша ол бес сантиметрден артық болмауы тиіс екенін атап өткен жөн.
hibatulla.kz
Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын Әбу Хурайра (Алла одан разы болсын) жеткізген: "Өздеріңнің жаман амалдарыңмен өлілерді ұятқа қалдырмаңдар. Өйткені сендердің амал-әрекеттерің қабірдегі жақындарың мен олардың жолдастарына көрсетіледі".