Индонезияның Батыс Нуса-Тенггара аймағында табиғи атап орын алды, - деп хабарлайды e-islam.kz сайты.
Су тасқыны тұрғын үйлерді қиратып, 60-қа жуық медициналық мекеме мен екі көпірді істен шығарған. Бұл туралы апатты жағдайларға қарсы күрес жөніндегі Ұлттық агенттік өкілі Сутопо Пурво Нугрохо хабарлады.
Апатты аймақтан 100 мыңнан аса адам құтқарылып, бас әуежай жабылды.
«Су тасқыны коммуникация және электр желілеріне де зиян келтірді. Бұл құтқару жұмысына едәуір кедергі болып отыр. Төтенше жағдай 4 қаңтарға дейін ұзартылды» деп мәлімдеді Нугрохо.
Ол сонымен қатар су тасқынынан зардап шеккен адамдар саны да ұлғаятынын атап өтті. Апат салдарымен күрес жұмысына полицейлер, әскерилер мен құтқарушылар тобы жұмылдырылады.
«Сонда Алла тағала: «Қорықпаңдар! Өйткені Мен қашанда сендермен біргемін. Мен бәрін де естіп, көріп тұрамын», - деп екеуіне дем берді» («Та-һа» сүресі, 46-аят).


16 Қаңтар 2026
27 Раджаб 1447

