Бас мүфти: 1 желтоқсан – тұңғыш Президент күні!

Бас мүфти: 1 желтоқсан – тұңғыш Президент күні!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрметті қауым!

1 желтоқсан – тұңғыш Президент күні елімізде мерейлі мерекелердің біріне айналды. Бұл күні халқымыз бірлік пен ынтымақтың мерекесі болған тұңғыш Президент күнін атап өтеді.

Тәуелсіз елімізде орнаған тыныштықтың арқасында Ислам діні өркендеп, сәулеті ғажап мешіттер салынып келеді. Еліміздің мұсылман жамағаты Аллаға еркін құлшылық етіп, мамыражай күн кешуде. Ендеше, Қазақстанның әрбір азаматы осынау жетістігіміз бен игілігімізді сәт сайын қорғап, Елбасымызға қолдау білдіруі тиіс. Өйткеніи асыл дініміз – Ислам басшылыққа бағынуды насихаттайды.

Елбасының салиқалы саясаты мен игі бастамаларының нәтижесінде Сарыарқа төсінде салынған еңселі Елордамыз, асқақ Астанамыз бүгінде күллі Қазақ елінің мақтанышы мен мәртебесіне, рухани ордасына, әлемдік дәстүрлі дін көшбасшыларының пайымды пікір алмасу орталығына айналды.

Алла Тағала елімізге, жерімізге, жұртымызға жақсылығын жаудырып, халқымыздың бірлігін нығайтып, берекесін арттырғай!

Елдің жүгін көтеріп жүрген Елбасымыз аман, еліміздің мерейі үстем болғай! Әумин!

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,

 Қазақстан мұсылмандары діни

басқармасының төрағасы, Бас мүфти

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: