Сауд Арабиясы үшін өте сирек болып табылатын табиғи құбылыс - дүйсенбі күні жауған қар жергілікті тұрғындарды таңқалдырды. Ұлпа қар Табук, Шакра және Табарджал қалаларының орталық және елдің солтүстік-батысын жапты.
«Әл-Арабия» сайтының хабарламасына сәйкес, осы елді мекендерде температура нөлден төмен түсіп кеткен.
Соңғы бірнеше күнде Корольдіктегі қарды нөсер-жауын алмастырды.
Ауа райы жағдайына байланысты жүргізушілерге жолдарда аса сақ болуға кеңес берілуде.
hibatulla.kz


15 Қараша 2026
4 Джумада-сани 1448

