Қазақ қызы әлемдік Құран жарысында екінші турға өтті

Қазақ қызы әлемдік Құран жарысында екінші турға өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазір Бірікке Араб  Әмірліктерінде қыздар арасында алғаш рет халықаралық деңгейде қасиетті Құран хафиздарының жарысы өтуде. Дубай қаласына Алланың кәламын  бастан-аяқ жаттаған әлемнің 74 мемлекетінен  нәзік жандар жиналды.  Қазақстан атынан Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 2-курс студенті Гүлзар Тұрғанжан да еліміздің намысын қорғауда. Іріктеуден мүдірмей өткен Гүлзар екінші турда да бақ сынады. Күніне 7 қыздан сынға түскен қыздардың Қасиетті Құранды жатқа білуі, тәжуид қырағаты жан-жақты таразылануда.

Жарыс оңай емес. Тікелей эфир арқылы көрсетіліп жатқан бәйгеде өте мықты Құран қариларының бар екенін аңғаруға болады,-деді Гүлзармен хабарласқанымызда.

Біз де елден жырақта қасиетті Құранды жадына жаттап, жүрегіне  сақтаған  студентімізге  сәттілік тілейміз. Қарашаның 6-да басталған халықаралық бәйге жеңімпаздары ертең, қасиетті жұмада белгілі болмақ. Гүлзар Тұрғанжан өткен мамыр айында «Нұр-Мүбарак» университетінде  елімізде өткен тұңғыш қыздар арасындағы Республикалық Құран қариларының жарысында жүлделі орынға ие болғанын еске сала кетейік.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: