Мұсылман әйелдер киген хиджаб жайлы қоғамдық орындарда қызыққұмар балалардың мұсылман емес ата-аналарына қойған сұрақтарын жиі естуге болады.
Жақында американдық мұсылман Рабиа Ахмад мейрамханада тамақтанып отырғанда екі қызы бар ер кісіні көрген. Барлығын білуге құмар қыздар шариғат шәлісін жамылған әйелді көріп, әкесінен оның бас киімі туралы жарқын дауыстарымен сұрақтарын қоя бастады.
Әкесінің қыздарына берген жауабы Рабияны толғандырғаны сонша, бұл жайлы әлеуметтік желілермен бөліскенді жөн көрді.
Қыз американдықтың исламфобияға бас ұрмай байыппен ғана өзінің сахаттары жайлы баяндап: "Әлемде әртүрлі діндер мен мәдениеттер, түрлі тілдер бар. Біз олар жайлы толығырақ білуіміз керек," - деген сөзін жарияланған суреттің астына жазыпты.
Бұл оқиға 65 мың лайк пен керемет пікірлерді жинаған көрінеді.
hibatulla.kz


16 Қаңтар 2026
27 Раджаб 1447

