Санкт-Петербург қаласында облыс бойынша бірінші мұсылман телеарнасы іске қосылды. Бұл туралы Санкт-Петербург және Ленинград облысының мұсылмандары діни басқармасы өз веб-сайтында жариялады.
Аталған телеарнада исламға қатысты барлық мәліметтер көрсетіледі деп жоспарланып отыр. Оның қатарында: жаңалықтар, бағдарламалар, сұхбат, талдау, сондай-ақ, имамдардың уағыздары бар.
"Біздің бір орында тұра бергіміз келмейді. Халыққа қалайда ислам туралы шыншыл ақпаратты жеткізу керек," -дейді тілшілер.
Телеарнада көрсетілген бірінші бағдарлама Ленинград облысын айт мерекесімен құттықтауға, сондай-ақ, солтүстік астанадағы тегін рухани-білім беру курстарының басталғанына арналған болатын.
hibatulla.kz


16 Қаңтар 2026
27 Раджаб 1447

