Айя-Софияға бас имам тағайындалды

Айя-Софияға бас имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұзақ жылдардан бері алғаш рет Стамбулдағы Аия-София музей-мешітіне бас имам тағайындалды.

Түркия Дін істері басқармасының шешімімен бекітілген жаңа имам Ондер Сой жуырда ғана музей-мешітте ашылған «Хюнкар Касры» аталатын құлшылық жасайтын бөлігінде қызмет етеді.

Haber7 телеарнасының хабарлауынша, мешітте имам пайда болысымен келушілер саны да артқан. Енді «Хюнкар Касрыға» күнделікті намазға 100-ге жуық адам келеді, ал жұма күні олардың қатары 300-ге жуықтайды. Бұдан бөлек, Аяй Софияға қызығушылық танытушы туристер де көп.

Айта кетсек, Аяй София VI ғасырда Византия императоры Юстиниан билігі тұсында (537 жыл) христиандық ғибадатхана ретінде құрылып, кейіннен 1453 жылы Константинополь сұлтаны Мехмет уақытында мешітке айналады. Сол уақыттан бері мұнда азан айтылып, намаз оқылып келген.

1935 жылдан бастап Айя София музей ретінде есігін қайта ашты.

 ummet.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: