Алкоголь тасымалдаушы кемелерге тыйым салынды

Алкоголь тасымалдаушы кемелерге тыйым салынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алкогольді өнім тасымалдаушы кемелердің Сауд Арабиясы портына қысқа мерзімге де тоқтауына тыйым салынады. Бұл туралы корольдіктің Порт бас басқармасы өкілі Мусаид ад-Дрейс мәлімдеді.

«Бұл шешімге Сауд Арабиясы басшылыққа алатын ислам шариғаты құқығы негіз болады. Ал, шариғат, білесіздер, алкогольге қатаң тыйым салған» деп атап өтті ол.

Аталмыш шешім халықаралық сауда ережелеріне қаншалықты сәйкес келеді деген сауалға басқарма өкілі Сауд Арабиясы шығыс пен батысты жалғаушы көпір болуы керектігімен және корольдіктің өз мүдделері мен ерекшеліктері басты назарға алынатынымен жауап берді.

Айта кетсек, бұл күндері Сауд Арабиясында теңіз тасымалы жөніндегі бірінші халықаралық конференция өтіп жатыр. Ауқымды шараға әлем елдерінің порттарынан 400 директор мен бас инженерлер қатысуда. 

ummet.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: