Мұсылман мемлекеттері «мейірімді халық» ондығына енді

Мұсылман мемлекеттері «мейірімді халық» ондығына енді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Үш бірдей мұсылман мемлекеті әлем бойынша мейірімді халқы бар елдер рейтингіне енді. Жаңа жүргізілген зерттеу осындай нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Al Arabiya.

Зерттеу барысында әлемнің 63 елінен 104 мыңнан аса сауалнамаға қатысты және өзге адамдарға көмек көрсетуге дайындығы мен қоғаммен байланысы жайында сұрақтар қойылды.

Өзгеге мейірімділік көрсетіп, қамқорлық таныту жағынан Эквадор мемлекеті алғашқы орынға ие болды. Рейтингтің екінші орнына Сауд Арабиясы шықты. Алғашқы ондыққа Біріккен араб әмірлігі мен Кувейт мемлекекеттері енді.

Онлайн-зерттеу жұмыстары Мичиган, Чикаго және Индиана университеттері сарапшыларының қатысуымен жүргізілді.

Барша әлем мұсылмандары қастер тұтатын Мекке, Мәдина шаһарлары орналасқан корольдік тұрғындарының діни сипаттарының басым болуы мейірімді халық тізіміне енуіне ықпал етті. Ал ислам діні ең алдымен мейірімділік пен ізгілікке шақыратыны әмбеге аян.

 

ummet.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: