БҰҰ: Йемен халқы көмекке мұқтаж

БҰҰ: Йемен халқы көмекке мұқтаж

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Йеменнің әр бес тұрғынының төртеуі гуманитарлық көмек пен қорғауға мұқтаж. Бұл туралы БҰҰ гуманитарлық қызмет басшысы Стивен О'Брайен мәлімдеді.

«XXI ғасырда орын алып жатқан бұл жағдай – өте ауыр. Әсіресе, Йеменде іс жүзінде ешбір денсаулық сақтау мекемесінің толықтай тоқтауы қатты алаңдатады. Йемен губернияларының 22 ауруханасының 16-сы мүлде жұмыс істемейді, кейбірі шектеулі режимде істейді, сол себепті ел тұрғындары медициналық көмекті дер кезінде алмайды» деп атап өтті ол.

Еске сала кетсек, Йеменде бір жылдан аса әскери қақтығыстар жалғасып келеді. Соғыс салдарынан жүздеген мың бейбіт тұрғын қаза тапты. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: