«Егер бұл ұрпақтан айырылсақ, Сирияны жоғалтамыз»

«Егер бұл ұрпақтан айырылсақ, Сирияны жоғалтамыз»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

10 жасар Рахаф Алеви Сирияны еске алғанда, өз отбасымен Отанын тастап кетуге мәжбүр еткен бомбалар мен қарулы шабуылдарды еске алмайды.

Рахаф күн шуақты Халеб елдімекенін, ағаш көмкерген, құрма өскен сүйікті ауылының суретін салады. Ол – қазіргі уақытта Түркияда тұрып жатқан үш миллионға жуық босқынның бірі. Оның отбасы осыдан бір жыл бұрын елін тастап Газиантепке көшкен. «Бұл жерде жақсы, бірақ бұл біздің үй емес» дейді жеткіншек.

Елде орын алған қарулы қақтығыс салдарынан миллиондаған сириялық балалар мектебін де тастауға мәжбүр болды. Түркиядағы Human Rights Watch мәліметінше, көптеген Сирия балалары білімнен мүлде қалыс қалған. Кей балалар көше жағалап күнкөріс үшін жұмыс істейді, кейбір темір-терсек, заттар жинап, нәпақа табумен айналысады. Босқындар қабылдаған Газиантеп қаласындағы «Радуги» білім орталығы балаларға сурет салу, ән айту, тіл үйрену секілді үйірмелер ашқан.

«Көше кезіп қоқыс жинаған Сирия балаларының бейнесі – бұл үлкен өкініш. Соғысқа дейін олардың барлығы мектепте білім алған еді. Олар өзге де әлем балалары сиқяты еді» дейді орталық қызметкері Салим Абдул Гани.

«Біз бұл буынды сақтап қалуымыз керек. Бұл балалар Сирияның болашағын қалыптастыратын ұрпақ. Осы ұрпақтан айырылсақ Сирияны жоғалтамыз» дейді ол.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: