Құранның төрт мыңнан астам данасы моңғол астанасы Ұлан-Батыр қаласындағы екі мешітте таратылды.
Аталған науқан Түркия Діни демеушілік ұйымы мен Моңғолия Дін істері басқармасының қолдауымен өтті. Сонымен қатар осы іс-шараның бір бөлігі ретінде 135 елде Құран көшірмелерін тегін бөлу қарастырылған.
«Жоспар аясына бүгінге дейін әлемнің түрлі елдерінде 400 мың дана Құран үлестірілген болатын,» - дейді түрік компаниясының өкілі.
Моңғолия халықтың шамамен 7% Ислам дінін ұстанады. Негізінен бұл дінді Моңғолияның батысына қоныстанған этникалық қазақтар уағыздайды.
hibatulla.kz