Шарджа әмірлігінің билігі жергілікті халықтың барлық берешектері кешіру туралы шешім қабылдады.
Осы мақсатта қазіргі уақытта 16 миллион доллар көлемінде арнайы қор құрылды. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл қаражат қаржылық іс бойынша сотталғандардың қарызы, сондай-ақ қарызын өтеуге шамасы жетпейтін адамдардың берешектеріне жұмсалатын болады.
Шарджа әмірлігі қарыздарды реттеу жөніндегі комитет төрағасы Рашид әл-Шейх бұған дейін билік 100 миллион доллар қаражат бөлгенін мәлім етті. Бұл қаражат арқылы 852 адамның қарыздары өтелген. Айта кету керек, әмірлік билігі өкілдерінің айтуынша, шара ел азаматтарының лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған.


15 Қаңтар 2026
26 Раджаб 1447

