Мэриленд штатындағы (АҚШ) Медицина университетінің төртінші курс студенті өлім халіндегі адамды құтқарып қалды.
Иса Мохамед спорт залына кірген кезде 60 жастағы ер адамның талықсып, құлап түскенін көреді.
«Мен оның тамырының соғысын тексердім. Белгі жоқ. Тыныс алмайды. Сол себепті оны арқасымен жатқызып, жүрек тұсынан массаж жасауға кірістім. Тоқтаусыз 10 минут жасадым. Бұл жай ғана массаж емес» дейді көргенімен бөліскен студент.
Жедел жәрдем көлігі жеткенге дейін Иса Мохамед ер адамның жүрек соғысын қалпына келуіне үлкен септігін тигізген екен.
hibatulla.kz


15 Январь 2026
26 Раджаб 1447

