Меккеде нөсерлі жаңбыр басталды

Меккеде нөсерлі жаңбыр басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұл күндері барша мұсылман әлемінің қасиетті қаласы Меккеде нөсерлі жаңбыр басталған.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, санаулы күндерден соң кемінде миллион қажыны қабылдайтын шаһарда жаңбыр бірнеше күннен бері жауып тұр.

Өз кезегінде ауа температурасының төмендеуіне себеп болған жаңбыр қажылардың алғашқы легін аптапты ыстықтан қорғап-ақ тұр. Ал синоптиктер нөсерлі жаңбыр қажылық маусымында да жалғасуы мүмкін екендігін айтады.

Еске салсақ, синоптик мамандар биылғы қажылық маусымы тарихта тұңғыш ең аптапты ыстық уақытқа сәйкес келетіні жайында хабар таратқан еді. Сауд Арабиясы мен Таяу Шығыстағы ауа температурасы бұл уақытта 50 градусқа дейін көтерілмек. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: