575 мың ирактық балалар мектепті тастап жұмыс істеуге мәжбүр. Бұл жайлы БҰҰ (ЮНЕСКО) балалар фонды хабарлады.
Ұйымның баяндамасына сәйкес, мектепке барып білім алудың орнына ата-анасына көмектесіп жүрген балалардың саны 1990 жылға қарағанда екі есе өскен.
"Бүгінгі таңда Ирак - балалар үшін қауіпті орындардың бірі. Мұнда балалық шақты өткізу өте қиын," - дейді ЮНИСЕФ өкілі Маулид Варфа.
hibatulla.kz


02 Сәуір 2026
14 Шавваль 1447

