Олимпиадада алтын алған мұсылман жігіті сыйақысын қайырымдылыққа жұмсамақ

Олимпиадада алтын алған мұсылман жігіті сыйақысын қайырымдылыққа жұмсамақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күллі әлем көз тіккен Бразилиядағы Олимпиада ойындарында дзюдо бойынша алтын медальға қол жеткізген ингушетиялық Хасан Халмурзаев барлық сыйақысын қайырымдылық шарасына жұмсайтынын мәлімдеп отыр. 

Ол өзіне берілетін қаржыны туған республикасындағы жеткіншектер арасындағы спортты дамытуға жұмсайтынын да шешіп қойған. 

«Мен Ингушетиядағы дзюдомен айналысатын жас балаларға көмек көрсеткім келеді. Республика аумағында спорт мектептерін тұрғызуға үлес қоссам деймін. Біздің елден Олимпиада чемпиондары көптеп шықса екен», – дейді ол.

Айта кетейік, Хасан Халмурзаевқа Олимпиада чемпионы атанғаны үшін Ресей елі 4 млн рубль төлейді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: