Қайталай жаңбырлатқан аспанға серт. ("Тариқ" сүресі 11)
Ол Сондай Алла; түнді, күндізді, күнді және айды жаратты. Әрқайсысы өз айналасында жүзеді. ("Әнбия" сүресі 33)
Сондай-ақ, күн белгіленген көлемінде жүреді. Міне осы аса үстем, әр нәрсені білуші Алланың өлшеуі. ("Йа Син" сүресі 36:38)
Ол сондай Алла, күнді жарық, айды нұр етіп жаратты да оған (айға) жылдардың сандарын, есептерін білулерің үшін орындар белгіледі. Алла, бұларды шындықпен ғана жаратты. Алла, білетін ел үшін; аяттарын ашық-ашық баян етеді. ("Юунус" сүресі 5)
Олар жол тауып жүретін белгілер және жұлдыздар (жаратты.) ("Нахыл" сүресі 16)
Дегенмен, араларыңнан біреуі бір амалын тауып, ұрланып келіп тың тыңдап, құлағы шалып қалған бір сөзді ала қашса, оның да соңына бірден жарқыраған ақпа жұлдыз түседі де (адым жерге жібермей көзін жояды). ("Саффат" сүресі 10)
hibatulla.kz